Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Халық жағдайы қалт жіберілмейді

Халық жағдайы қалт жіберілмейді

Сенбі күні аудан әкімі Мұхтар Оразбаев Қазалы қаласы мен Әйтеке би кентін аралап, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты.
Аудан басшысы алдымен Қазалы қаласына жол тартып, қайта жаңғыртылудан өткізіліп жатқан 10 көшені көрді.
Қазіргі таңда атқарылып жатқан жұмыстар туралы аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Мұрат Әбсұлтанов айтып берді.
Бөлім басшысының айтуынша, 10 көшенің жұмыстары толық аяқталмаған. Мердігер мекеме келісім-шарт мерзімінің аяқталуына дейін 4 көшенің асфальт қабатын төсеуді жоспарлап отыр. Келісім-шарт мерзімі аяқталатын 15 шілдеден бастап аталған бөлім тарапынан мердігер мекемеден қалған көшенің әрбір өткен күнінің мерзіміне сәйкес өсімпұл өндіру үшін сотқа жолданатын болады.
Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев заңдылыққа сәйкес мердігер мекемеден жауапкершілікті талап етіп, атқарылатын жұмыстардың сапалы болуын қатаң қадағалауды тапсырды.
Қазалы қаласына сапары кезінде аудан басшысы қаланы аяқ сумен қамтамасыз ету жұмыстарымен де танысты. Аталған жұмыстар туралы Қазалы қаласы әкімінің орынбасары Қаныш Жұбатқан жан-жақты айтып берді.
Мұнан соң аудан орталығы – Әйтеке би кентіндегі көшелерді аралап, тазалық мәселесін қарады. Әйтеке би кентінің әкімі Қайрақбай Орынбасаровқа бұл мәселеге бей-жай қарамай, тазалық жұмыстарын күнделікті жүргізуді тапсырды.
Аудан басшысы теміржол вокзалына да арнайы барды. Кенттегі 5 квартал тұрғындары күнделікті өтетін теміржол аспалы көпірінің жарықшамдарын уақытында жағып, кемшіліктерін ретке келтіру қажеттілігі айтылды. Сондай-ақ, халық көп жиналатын орындағы әжетхана күнделікті жұмыс істеу қажеттігін қатаң тапсырды.
Аудан орталығында тұрғындарға уақытша баспана ретінде берілген жатақханадан өрт шығып, тұрғындар тілсіз жаудан зардап шеккенін ешкім ұмыта қойған жоқ. Бұл күнде өрттің салдарынан бүлінген пәтерлерді қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстар алдағы уақытта аяқталады.
Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев жатақханадағы қалыпқа келтіру жұмыстарымен де танысып, тезірек тұрғындарға қалыпты жағдай жасау қажеттігін айтты.
«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
13 шілде 2021 ж. 497 0

Киелі мекен - Жанкент

19 сәуір 2024 ж. 109

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930