Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 30 қыркүйектен бастап Қазақстанда қандай нөмірлі көліктерге тыйым салынады?

30 қыркүйектен бастап Қазақстанда қандай нөмірлі көліктерге тыйым салынады?

Салық органдары 30 қыркүйекке дейін елден шығарылуы тиіс шетелдік автокөліктер бойынша түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Мемлекеттік кірістер комитеті деректері бойынша, бұл талап Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде есепте тұрған көліктерге қатысты емес. Сондықтан ресейлік, қырғыз, армян және Белорусь нөмірі бар жүргізушілер көлігін Қазақстанда одан әрі мініп жүре алады.

"Қазақстанда бір жылдан аса уақыт болған басқа да шетелдік автокөліктер еліміздің аумағынан ғана емес, Ресей, Қырғызстан, Армения және Беларусьтен де шығарылуы тиіс. Себебі, бұл елдер ЕАЭО аясында Кеден кодексін бекітті. Ол бойынша, басқа елдерден келген көлік кедендік баждарды төлемей, ЕАЭО аумағында бір жыл ғана уақытша бола алады. Бұдан әрі көлік одақтың бөлінісі үшін әкетілуі тиіс не оған кедендік баж төленуі тиіс.

Алайда пандемияға байланысты бүкіл әлемде шектеу шаралары енгізіліп, шекарадан еркін өту мүмкін болмады. Сондықтан шетелдік көліктердің бір жылдық мерзімі ұзартылды. Алайда Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесі азаматтарға айыппұлдары жоқ, мерзімі өтіп кеткен уақытша әкелінген автомобильдерді 2021 жылғы 30 қыркүйекке дейін шығаруға мүмкіндік берді", - деп түсіндірді салық қызметкерлері.

Шетелдік көліктерді әкету туралы талап ЕАЭО елдерінің бүкіл аумағына - Ресейге, Қырғызстанға, Арменияға және Беларуське қатысты.

"Қазіргі уақытта шетел азаматтары көлік апару үшін шекарадан өте алады. Сондай-ақ, егер олар өз бетінше экспорттай алмаса, тасымалдаушылар көмегіне жүгіне алады", - деп толықтырды МКК өкілі.

30 қыркүйектен кейін салық қызметкерлері жол полициясымен бірге уақытша әкелу күндерін кешіктірген көліктерді іздей бастайды. Заңбұзушылық анықталған жағдайда көлік құралы айыппұл тұрағына жіберіледі. Бұдан әрі Қазақстанда автокөлікті уақытша пайдаланған "иесіне" қатысты қажетті шаралар қабылданады.

"Уақытша әкелу мерзімі аяқталғаннан кейін Қазақстанда мұндай көліктің "иесі" кедендік төлемдерді төлеуге тиіс. Олар Мемлекеттік кірістер қызметкерлерімен есептеледі.

Азаматтар сенімхат бойынша ЕАЭО аумағында Беларусь және Ресей есебімен жүріп-тұра алады. Мұндай көліктерге уақытша әкелу мерзімдері қолданылмайды. Ал Армения мен Қырғызстаннан келетін көлік құралдары шетелдік көлік құралдарына жатпайды", - деп еске салды ведомство өкілі.

Сонымен қатар, ІІМ Қазақстанға уақытша әкелінген автокөліктерді шығару бойынша талапты түсіндірді. Ведомство мәліметінше, 30 қыркүйекке дейінгі мерзім ЕАЭО-ға кірмейтін елдерден көлік әкелген шетелдік азаматтар үшін белгіленген.

"Бұл норма ЕАЭО-ға кірмейтін елдерден шетел азаматтары әкелген автомобильдерге ғана қатысты. Кедендік заңнамаға сәйкес шетелдік азаматтар кедендік баждарды төлемей, Қазақстанға және ЕАЭО-ның басқа елдеріне ЕАЭО-ға кірмейтін басқа елдерде тіркелген көліктерді уақытша әкеле алады. Яғни, бұл Ресей, Қырғызстан, Армения және Беларусьтен емес, үшінші елдерден әкелінген көліктер.

2020 жылы және биыл коронавирустың таралуына байланысты елдер арасындағы шекаралар жабылғанын ескере отырып, шетелдік азаматтар уақытша әкелінген көліктерді ЕАЭО аумағынан шығара алмады. Осыған байланысты ЕАЭО аумағында шетелдік автокөліктің болу мерзімі 2021 жылғы 30 қыркүйекке дейін ұзартылды", - деп түсіндірді ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов.

Соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстанда ЕАЭО-ға кірмейтін елдерден әкелген үш мыңға жуық шетелдік көлік бар, олар Қазақстанда болу мерзімі аяқталғаннан кейін елден тыс жерлерге әкетілуі тиіс.
09 тамыз 2021 ж. 386 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930