Жатжұрттық көліктер жағдайы
Соңғы кездері бірер жылда 200 мыңға жуық шетелдік тұлпар тізгіндеп келген Қазақстан азаматтарының шағымы әлеуметтік желіде желдей тарады. Жан-жақтан байқалған дүмпулердің негізгі мақсаты баршаға белгілі. Шетелден мініп келген темір тұлпарын тегін тіркеп беру ғана. Олар құзырлы органдардың не себепті ертерек дабыл қағып, ескертпегеніне наразы.
Бұған дейін елдегі шетел көлігін сатып алып, тіркеуге қаржы таппаған азаматтарды қолдау қажеттігіне орай ондаған қазалылық жиналып, талап-арыздарын жолдаған болатын. Олардың басым бөлігі жұмысы жоқ болғандықтан Армения, Қырғызстан, Ресей елдерінен арзан автокөлік сатып алып, жолаушылар тасымалдау арқылы бала-шағасын асырап жүргендерін айтты. Биліктен қомақты төлем талап етпей, көлікті тіркеу мәселесін шешіп беруге ықпал етуін сұрады. Бұған дейін шетелдік көліктерді Қазақстанда тіркеу құны олардың мінездемесіне байланысты 500 мыңнан 4 миллион теңгеге дейін жететіні хабарланған болатын.
Негізінде бізідің елде тозығы жеткен көліктер саны өте көп. Осы кезге дейін 70 мыңнан астам көне көлік утилизацияға тіркелген. Ал Қазақстан нарығындағы жаңа көліктер бағасы аспандап тұр. Соған қарамастан шетелдік көліктерді ел меншігі ретінде жедел тіркететін заң бұған дейін де болған көрінеді. Алайда оған бақылаушы органдар да, қарапайым тұрғындар да аса мән бере қоймаған. Жеме-жемге келгенде шетелдік көліктерді Қазақстанға әкеліп, тіркеу үшін кедендік баж және өзге де төлемдерді жасауға міндетті екені еске түсті. Бұл үшін 10 күннен аспайтын уақыт беріледі. Ал қойылған талапты орындамағандарға 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады. Бұл аз десеңіз, көлік айыппұл тұрағына жеткізілуі тиіс. Елдің ішкі істер министрлігінің бұны неге енді ғана хабарлағанына шамданғанмен, бұрыннан қолданыста бар заңға қарсы келе алмасыңыз анық.
Мұндайда тиісті мамандар Армения мен Қырғызстаннан келген көліктерді неге 10 күн ішінде жергілікті жерге тіркелуін қадағаламады деген заңды сұрақ туындайды. Бұның жауабы Қырғызстан мен Арменияда 2014 жылдан 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін тіркелген көліктерді аталған елдердің азаматтары мен сондағы тұрақты тіркеудегі азаматтардың Қазақстанға кедендік баж төлемей уақытша кіргізуіне мүмкіндік болғанымен байланысты. Мәселен, Қазақстаннан Арменияға барған азамат уақытша Армения азаматтығын алып, көлікті кеденнен еш қиындықсыз өткізіп отырған. Жоғарыдағы келісім негізінде “уақытша” деген сөз 1 жылды көрсетеді. Бұл мерзім аяқталғанда көлік иесі мүлкін жергілікті жерге тіркеуі немесе елден шығып кетуі керек. Немесе сатып алған еліне барып, 1 айдан кейін қайтып оралуына болады.
Елдің әр түкпірінен төбе көрсеткен толқулардан кейін көлік мәселесі Үкімет назарына ілікті. Содан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында ЕАЭО елдерінен әкелінген автокөліктерді уақытша тіркеуге рұқсат берді. Бірақ толыққанды тіркеу қалайда жасалу керектігі айтылды.
– Үкімет бір ай ішінде біржолғы тәртіпте, 2020 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша Қазақстан азаматтары ЕАЭО елдерінен әкелген автокөліктерді уақытша тіркеуді қамтамасыз етуі тиіс. Бұның қолданыс жағдайы 2021 жылдың 1 наурызына дейін күшінде болады.
... 2021 жылдың 1 наурызына дейін автокөлік иелері көлікті тұрақты тіркеуге қойып, кедендік баж бен утилизациялық алымды төлеуі тиіс. Немесе көлікті елден шығаруы керек, не болмаса заңнамамен тыйым салынбаған әдіспен мәселесін шешуі керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бұдан соң тиісті министрлік түйіткілді шешудің оңтайлы амалдарын ұсынды. Бұл жайында Қазалы аудандық полиция бөлімінен сұрағанымызда Ішкі істер вице-министрі Марат Қожаевтың осыған дейін жасаған мәлімдемесін негізге алып жауап берді. Айтуларынша, ЕАЭО елдерінен әкелініп, Қазақстанда уақытша тіркелген көліктерге «18» деген цифры бар арнайы сары нөмірлер беріле бастады. Бұл науқан ақпан айының аяғына дейін жалғасады деп жоспарланып отыр. Сондай-ақ вице-министр: “Уақытша тіркеу үшін көлік иелері жеке куәлігін, көліктің бұрынғы мемлекеттік немесе транзиттік нөмірін, тіркеу туралы куәлігін, меншік құқын растайтын құжаттарын, сонымен қатар бастапқы тіркеу баж төлемінің түбіртегін, мемлекеттік нөмір мен техникалық паспорт дайындағаны үшін баж төлемінің түбіртегін әкелуі тиіс. Көлік иелеріне қойылып отырған шарт өте қарапайым, бір жыл ішінде аталған автокөлікті заңдастыруға, утилизация алымын және кедендік баж салығын төлеуге мүмкіндік берілді”, – деген болатын.
Шенділердің айтуынша, сары түсті «18» цифры жазылған нөмірлер Президент мәлімдеген мерзімге, яғни келесі жылдың 1 наурызына дейін жарамды екен. Егер азаматтар соған дейін тіркеу шараларын жасамаса, нөмірлер жарамсыз деп танылып, полиция ондай көліктердің ел аумағында жүруіне шектеу қояды. Ал сары түс пен 18-аймақ дегенді білдіретін арнайы тақтайша полицейлерге аталған автокөліктерді басқа көліктердің арасынан оңай ажыратып, санын, қозғалысын бақылап отыруды жеңілдету үшін жасалғандығы түсіндірілді. Бір жыл ішінде тіркеуге қоймаған жағдайда иесі арнайы нөмірді қайтарып, көлігін ел аумағынан басқа жаққа әкете алады.
Әрине бұнымен сөз болған дау түбегейлі шешіледі деп айта алмаймыз. Қазірдің өзінде сары нөмірді керексінбей, тегін тіркеп берсін деген позициядағы жүргізушілер жетерлік. Шетелге көлік алуға барғандар салдыр-салақ, арзан көліктер әкелмегенін көріп жүрміз. Елдегі нарыққа шаққанда олардың әрбірінің бағасы 3-6 миллион теңге тұрады. Оған төленетін салық көлемі мен қайта құжат жасату жағдайы тағы бір көліктің құнымен пара-пар келетіні анық. Қалай десек те армениялық немесе қырғызстандық нөмірмен жүргендерге айдың аяғына дейін сары нөмір еншілеп, келер жылдың наурыз айына дейін тіркеу шараларын жасаудан басқа амал жоқ. Олай болмаған жағдайда шетелдік көлікті тізгіндеуді доғарасыз немесе құрылғыларын бөлшектеп сатып жібересіз. Десек те шетелдік көлік иелері биліктің “рақымшылығынан” әлі де үмітті.
Жалпы көлік дауы соңғы он жылда үшінші рет қайталанып отырғанын айта кетейік. Алғаш 2011-2012 жылдары қырғыз нөмірі жапсырылған көлік иелері жол полицияларына шағымданған. Бұдан кейін 2014-2015 жылдары жүргізушілер ресейлік көлік тасығанда тағы бір толқу байқалды. Биыл бұлардың қатарына Армениядан келген көліктер қосылып отыр. Үкімет қолға алған кешенді шараның ықпалымен аталған мәселе толығымен және біржола шешіледі деген сенім бар.

Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ