Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Енді шетелдік көліктердің нөмірі сары түске енеді

Енді шетелдік көліктердің нөмірі сары түске енеді

ІІМ басшысының орынбасары бүгін журналистерге Қазақстанда тіркелгеннен кейін ЕАЭО елдерінен әкелінген барлық көліктерге ілу жоспарланған нөмірлік белгілердің алғашқы үлгісін көрсетті. Олар сары түсті және онда өңірлік нөмірдің орнына 18 саны болмақ.

Сырттан кірген көліктерді 2020 жылдың ақпанына дейін тіркеу үшін қазақстандықтар көліктің барлық құжаттары мен өзінің жеке куәлігін алып мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына баруы керек.
Уақытша тіркеуден кейін көлікке сары түсті нөмір ілінеді. Марат Қожаев журналистерге нөмірдің алғашқы үлгісін көрсетті.
Шетелдік көліктерге қазақстандық өңірлік нөмір орнына "18" саны беріледі.
Сонымен бірге, көлік иесінің техникалық құжатында арнайы белгі жасалады. Яғни, тіркеу куәлігінің"«жарамдылық" күнін 2021 жылдың наурызына дейін қояды.
ІІМ айтуынша, "уақытша тіркеу" шетелдік көліктерге арналған Қазақстан президенті тапсырған бір реттік акция.
Еске сала кетсек, Қасым-Жомарт Тоқаев министрліктер кабинетінің отырысында Қырғызстан, Ресей мен Армениядан әкелінген автокөліктер мәселесіне нүкте қойған еді. Президент көлік иелеріне көлікті ресімдеу немесе елден шығару үшін 2021 жылдың 1 наурызына дейін уақыт берген.
27 қаңтар 2020 ж. 916 0

Киелі мекен - Жанкент

19 сәуір 2024 ж. 65

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930