Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Дала жұмыстарында жаңа қарқын

Дала жұмыстарында жаңа қарқын

Күн жылынып, көктем шуағын шаша бастағанда дала жұмыстары қызатыны белгілі. Жер емгендер дәл осы кезден мал азығы мен дәнді дақылдарды егеді. Бұл – үлкен еңбек. Жер жыртып, топырақты құнарландыру, оған тіршілік көзін жеткізу білікті адамның қолынан келетін шаруа. Оның ары қарайғы күтімі, зиянкестермен күресі бар. «Шегірткеден қорыққан егін екпейді» деген тәмсілді жете түсінген қазалылық егіншілер бірер күн бұрын дала жұмыстарына жең түре кірісіп кетті.
Былтыр су тапшылығы салдарынан жергілікті диқандар шығынға ұшырағаны жасырын емес. Бұдан кейін тіршілік көзін жеткізушілердің өңірдегі өкілдері мәселені шешу үшін бірқатар жоба дайындады. Алайда бұл қиындықтың толықтай шешілгенін көрсетпейді. Соны түсінген егіншілер биыл күріш алқаптарын қысқартып, орнына жоңышқа мен мақсары отырғызуды қолға алды. «Сыр маржаны» серіктестігінің еңбеккерлері бұл жұмысты бірер күн бұрын ­бастап кеткен.
– Биылғы жоспар бойынша 680 гектар аумаққа жоңышқа дақылын орналастыруымыз керек. Шаруа жүйелі жүрсе көп ұзамай мұны орындай аламыз деп ойлаймын. Ал күріш дақылын егуді үш аптадан кейін бастаймыз деген ниеттіміз, – дейді агроном Бағдат Бимырзаев.
Биыл аудан көлемінде 17 мың гектардан астам жерге ауыл шаруашылығы дақылдарын егу жоспарланған. Оның 6637 гектары күріш алқабына тиесілі. Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің мамандары су тапшылығы орын алғанда мәселені шешудің қосалқы амалдарын ойластырғандарын айтқан. Бұдан бөлек биыл жауын-шашынның аздығынан құрғақшылық орын алуы мүмкін екенін жасырмады.
– Қазіргі таңда егістікті әртараптандыру бағытында диқандарға түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Өйткені биыл да су тапшылығы орын алуы мүмкін. Шаруалар мал азығына қажетті дақылдардың көлемін арттыру арқылы кәсібін жүргізсе құба-құп, – деді бөлімнің бас маманы Күмісбек Ерімбетов.
Айта кету керек, биыл өңірдегі күріштің алқаптағы үлесі 5 мың гектарға кемімек. Сондықтан дала еңбекшілері суды аз талап ететін дақылдарға ден қоюына тура келеді. Әйтпесе Сырдария суы тобық деңгейіне түсе қалса егіншілер шығынға батары сөзсіз.

Р.ҚАЙРАТҰЛЫ
14 сәуір 2021 ж. 2 054 0

Санамдағы сағыныш

06 қыркүйек 2025 ж. 127

Екінші орынды еншіледі

06 қыркүйек 2025 ж. 127

Баспана һәм байыпты бастама

06 қыркүйек 2025 ж. 114

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930