Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қажырлы еңбек қарқыны

Қажырлы еңбек қарқыны

«Сәуір болмай, тәуір болмайды» деген. Табиғаттың осы мезгілі туғалы бері күн шуағы молайып, ауыл адамдарының тынымсыз тірлігі басталды. Керек-жарағын сақадай сайлаған олар дархан дала төсін дүбірге бөлеп, үйреншікті жұмыстарына белбуа кірісті.

Қыстың қамын жазда ойлауды басты мақсат тұтқан еңбеккерлер ерте көктемнен мал азығындық дақылдарға күтім жасап, жерге орналастыруды қолға алды. Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарудың арқасында ортақ мүдде жолындағы жарқын істің қарқыны үдей түсті.

Бекем бірліктің нәтижесінде «Рза-Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ұжымында 1050 гектар ескі жоңышқа 120 гектар түйе жоңышқа атызы тырмаланып суғарылса, 610 гектар жаңа жоңышқа, 470 гектар мақсары, 180 гектар бидай, 95 гектар арпа егу қамтамасыз етілді. «Сыр маржаны» серіктестігінде 1099 гектар көне жоңышқа күтімге алынумен бірге 170 гектар бидай, 97 гектар арпа егіліп, 526 гектар жаңа жоңышқа мен 102 гектар мақсары егісін жақын арада аяқтауға күш салынуда.

Жалаңтөс батыр және «Агро Өркен» серіктестіктеріндегі 500-526 гектар аралығындағы жоспарланған ескі жоңышқаның күтімі өз деңгейінде атқарылып, бірінде 200, екіншісінде 81 гектар жаздық бидай егу мезгілімен аяқталды. «Ақмаржан» шаруа қожалығында 110 гектар бұрынғы жылдардағы жоңышқалық тырмаланып, 57 гектарын жаңадан егіп бітіруге бағытталған меже орындалды. «Мерей» шаруа қожалығы 290 гектар көне жоңышқаға күтім көрсетіп, 100 гектар жаңа жоңышқаны егуді таяу күндерде бітіріп, уәдеден табылу қамтығын жасауда.

Маусымдық шаруаның бел ортасында жүрген Жалаңтөс батыр ЖШС-ның директоры Абзал Сәрсеновты әңгімеге тартқанымызда:

– Жоспарға сәйкес жоңышқа мен бидай егуді мезгілінде атқарып шықтық. Қазіргі таңда 655 гектар «Лидер» күріші себілетін алқапта диқан-механизаторлар қауымы жер айдау және тегістеумен айналысу үстінде, – деді.

С.БАХИҰЛЫ

17 сәуір 2019 ж. 1 656 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 47

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930