Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Іске сәт, диқандар!

Іске сәт, диқандар!

Ауданда көктемгі егін егу науқаны басталды. Осыған орай Қожабақы ауылындағы «Агро-Өркен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің егіс алқабында аудан әкімі М.Ергешбаевтың қатысуымен «Дала күні» семинар-кеңесі өтті.
Семинар-кеңеске қатысушылар алдымен Жанқожа батыр кесенесіне аялдап, баба рухына құран бағыштады. Бұдан соң, «Агро-Өркен» серіктестігінің егіс даласындағы күріш егу жұмыстарының барысымен таныс­ты.
Егіс алқабындағы пленарлық мәжілісте аудан әкімі ауданда ауылшарушалық саласы оның ішінде күріш өндіру шаруашылығы арқылы мыңға жуық тұрғын жұмыспен қамтылып отырғанын атады. Яғни, бұл саланың елді мекендер үшін экономикалық және әлеуметтік маңызы зор. «Көктемгі егін егу және дақылдарды күтіп, баптау жұмыстары сәуір айының басынан басталып кетті. Аудан бойынша барлық жоңышқа тырмаланып, суарылып, күтімге алынуда. Қазіргі таңда шығымы жаман емес. Бүгін күріш егу жұмыстарын ресми бас­тап отырмыз. Күріш шаруашылығын дамыту біздер үшін аса маңызды міндеттердің бірі» деген аудан басшысы өткен жылы аудан бойынша егілген 6705 гектардан орта есеппен 45 центтерден өнім алынғандығын айта келе, дала еңбеккерлерінің істері биыл да берекелі болуын тіледі.
Биыл Қазалы ауданы бойынша барлығы 17 790 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдарын орналас­тыру межеленуде. Негізгі дақыл күріш 6950, майлы дақыл 430, мал азығындық шөп 7480, картоп, көкөніс, бақша дақылдары 2250 гектар болса, 7630 гектар жерге дәнді дақылдар егілмек. Бұндай ақпаратты ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Өміртай Өтеп-Әлі мәлімдеді. Оның айтуынша, биылғы жылы егіс көлемін ұлғайтуға ерекше мән берілген. Мәселен, өткен жылмен салыстырғанда жаздық бидай 155, тары 5 гектарға ұлғайтылған. Өткен жылы мүлдем егілмеген арпа биыл 90 гектар жерге орналастырылған. Сондай-ақ, ауданда тұңғыш рет «РЗА-Агро» ЖШС мал азығындық дақылдар түйе жоңышқаны 120, судан шөбін 50, сорғы 50, соя дақылын 5 гектарға еккен. Ал, «Сыр маржаны» серіктестігі күріштің «Торем Хошеми» сортын 180 гектарға ұлғайтуды жос­парлап отыр. «Агро – Өркен» ЖШС-нің директоры Нұркен Әлиев биылғы жылы серіктестіктің 1600 гектардан астам жерге ауыл шаруашылық дақылдарын орналастыруды межелеп отырғанынан құлағдар етті. 870 гектар жерге күріш, 250 гектарға жаңа жоңышқа, 504 гектарға ескі жоңышқа егіледі. Қазір күріштен басқа дақылдар егіліп, күтімге алынған. 1 мамырдан бастап күріш егу жұмыстары басталды. 300 гектары айдалып, 150 гектар жер суға бастырылған. Енді қалған егін жұмыстарын екі мауысымда жүргізіп, 25 мамырға дейін күніне 30-35 гектардан тұқым себуді жоспарлап отыр. Шаруашылық 50 адамды жұмыспен қамтыған. Егін жинау маусымында 70 адам жұмысқа тартылады.
Жалпы аудан бойынша көктемгі егіс жұмыстарына 122 трактор, 55 соқа, 22 тұқым сепкіш, 23 автомашина, 55 трактор тіркемесі пайдаланылатын болады. Барлық техника жоспарланған жұмысты жүйелі атқаруға сақадай сай.
Семинар-кеңесте «Қазалысушар» өндірістік учаскесі басшысының орынбасары Нұрлан Әбілдаев суармалы сумен қамтамасыз ету барысын баяндаса, аудандық аумақтық инспекциясының басшысы Болат Достыбай зиянды және ерекше қауіпті жәндіктер мен карантиндік объектілерге қарсы жүргізілетін фитосанитариялық іс-шараларды айтты.

Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА

11 мамыр 2018 ж. 2 960 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 76

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 71

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930