Атқарылатын істер ауқымды
Кеше аудан әкімі Мұрат Ергешбаев облыс орталығында БАҚ өкілдеріне брифинг өткізді. Бүгінге дейін ауданда атқарылған жүйелі жұмыстарға қысқаша тоқталып, алдағы негізгі жобаларды сөз етті.
– Аудан экономикасы жылдан жылға артып келеді. Мәселен, 2020 жылдың басында аудан бюджеті – 21,4 миллиард теңге болып бекітілсе, жыл соңында – 26,4 миллиард теңгеден асты. Ал 2021 жылдың бюджетін – 21,2 миллиард теңгеге бекітіп отырмыз.
Былтыр бір ғана «Жол картасы» бағдарламасы аясында жалпы құны 3 миллиард 11 миллион теңгені құрайтын 42 жоба іске асырылды. Нәтижесінде 150 орындық ауылдық клуб салынып, 1 ауылға газ тартылды. Одан бөлек көптеген көшелер асфальттанып, жарықтандырылды, әлеуметтік нысандар жөндеуден өтті.
2020 жылы Елбасының бастамасымен қолға алынған «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасы аясында Бекарыстан би ауылында ауқымды жұмыстар атқарылды. Алыс ауылдағы тұрғын үйлердің ауыз суы сервистік желіге қосылып, мектепке күрделі жөндеу жұмысы жүргізілді. Сондай-ақ 10 көше асфальтталып, жарықтандырылды. Ол үшін қазынадан 1 миллиардқа жуық қаржы бөлінді.
Оған қоса аудан орталығы – Әйтеке би кентінен бөлек Қазалы қаласы мен елді мекендерді де газдандыру мәселесі күн тәртібінен түскен жоқ. Соның нәтижесінде Ғани Мұратбаев ауылына табиғи газ жеткізіліп, Қазалы қаласын газдандыру жұмыстары басталып кетті. Алдағы уақытта аудан орталығына жақын елді мекендерді де газдандыруды жалғастырамыз, – деді Мұрат Нәлхожаұлы.
Аудан көшелерінің көркі кіреді
Расымен ауданға қарасты шалғай ауылдарда жағымды жаңалық аз болмады. Біріне ауыз су тартылса, екіншісінің жолдары жөндеу көрді. Ол аз десеңіз, бірнешеуіне байланыс желісі тартылып, газ кірді. Ал биыл ше? Аудан халқы тағы да қандай жағымды жаңалықпен қуанышқа бөленеді? Аудан басшысы Мұрат Ергешбаевтың сөзіне сенсек, осы жылы ел игілігі үшін атқарылатын жұмыстың жоспары бекіп, ендігі қаржы мәселесінің шешім табуы қалыпты.
«Несін жасырамыз, 2021 жылға аяқ басқаннан алдағы күндерге байыппен қарап, даму жолында нендей шаруаларды біржақты ететінімізді пысықтап алдық. Мәселен, биыл Жалаңтөс батыр, Қашақбай Пірімов және Басықара ауылдарын газдандыру үшін 22,6 миллион теңге бөліп, жобасын әзірлеп жатырмыз. Амандық болса, тиісті қаржы бөлінсе, құрылыс жұмысын бастап кетеміз», – деген аудан әкімінің жыл басындағы жаңалығы жаман емес.
Соңғы жылдары Қазалы ауданында ауыл арасындағы жолдар мен елді мекенішілік көшелердің жағдайы едәуір жақсарды. Нақтыласақ, 2020 жылы бөлінген 2,8 миллиард теңгеге аудандық маңызы бар 60 шақырым мен елді мекенішілік 70 көше жөнделді. Сондай-ақ былтырғы желтоқсан айында қала мен кенттің екі аралығындағы жолды кеңейту жұмыстары басталды. Аудан басшысының сөзіне сенсек, 2021 жылы аудан жолдардын жөндеуге көп көңіл бөлінеді екен. Соның ішінде баса айтатыны, осыдан 3 жыл бұрын басталған Кәукей ауылына баратын автомобиль жолының аяқталуы.
– Амандық болса шалғайдағы ауыл тұрғындары асфальт жолмен жүретін күн де алыс емес. Сонымен қатар «Қарлаң» көпірінен Қожабақыға дейінгі, Қазалы қаласы мен «Әлсейіт» көпіріне дейінгі жолдарды да жөндеп бітіреміз. Ал Басықара мен Абай елді мекенінің аралығындағы 20 шақырым жолды жөндеу жұмыстарын жалғастыруға облыстық бюджеттен 306 миллион теңге қаржы қаралды. Отгон мен Тасарық, Әйтеке би кенті мен Басықара, Майдакөл – Түктібаев және Бекарыстан би мен Жаңақұрылыс елді мекендерін байланыстыратын 64 шақырым жолды жөндеу үшін 5 жоба дайындап, қаржыландыру үшін автомобиль жолдары комитетіне бюджеттің өтінім тапсырылды.
Тағы айта кететіні, 2021 жылы Әйтеке би кентінен 6 көше, Қазалы қаласынан 10 көше асфальтталады. Сонымен қатар «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Әйтеке би кентінен 18 көше, ауылдық елді мекендерде 31 көше жөндеуді жоспарлап отырмыз. Ол үшін тиісті облыстық басқармаларға ұсыныс берілді. Осындай нәтижелі жұмыстардың арқасында аудандағы жолдардың сапасы жылдан жылға жақсарып келеді. 2017 жылы аудан меншігіндегі автомобиль жолдарының 66,4 проценті ғана жақсы және қанағаттанарлық жағдайда болса, 2020 жылы бұл көрсеткішті 75,6 %-ға жеткізілді. Ал 2021 жылдың қорытындысымен жолдардың сапасын 85,2 процентке жеткіземіз деп жоспарлап отырмыз, – деді аудан әкімі.
Су тапшылығы туындамайды
Қазіргі таңда Кәукей мен Бозкөл елді мекені аралығындағы электр бағаналары судың ортасында қалып, құлап қалу қаупі төніп тұр. Брифинг барысында аудан басшысы Мұрат Ергешбаев Кәукей ауылының тұрғындары үшін жағымды жаңалықтың бар екенін жасырмады. Ол – биылғы жылы осы ауылдардың аралығындағы электр бағаналарының жаңартылатыны. Бұл үшін облыстық бюджеттен 82 миллион теңге қаржы бөлінген.
– Соңғы жылдары жаз мезгілінде ауданда ауызсу тапшылығы орын алып жүр. Әсіресе мұны Әйтеке би кентінің тұрғындары жақсы біледі. Осы мәселені шешуді құп көрген аудан әкімі Байқожа су құбырын қайта жаңғырту жобасын дайындап, қаржыландыруға ұсынған. Жобаның жалпы құны – 2,5 миллиард теңге. Егер қаржы мәселесі шешімін тапса Әйтеке би кенті мен Байқожа елді мекені аралығында 63 шақырым магистральдық желі тартылып, жол бойындағы 6 елді мекенге де ауызсу барады. Қазіргі күні Байқожа су құбырын қайта жаңғырту жобасының құжаттары облыстық қаржы басқармасы арқылы су ресурстары комитетінің теңгеріміне өткізілді.
Қазалыда құрылыс қарқынды жүруде. Өткен жылдың өзінде 2,9 миллиард теңгеге 15 нысанның құрылысы жүргізілді. Оның 10-ы пайдалануға берілді. Қазіргі таңда бұған дейін құрылысы басталған 600 орындық мәдениет үйі, ауысымына 250 келушіге арналған емхана, Қазалы қаласын газдандыру және Жанқожа батыр мен Майдакөл елді мекендеріндегі тұрғын үйлерге сервистік ауызсу желілерін жүргізу жұмыстары жүріп жатыр. Аталған жұмыстардың барлығы да биылғы жылдың ішінде аяқталады деп жоспарлануда, – деді аудан әкімі.
Аудан орталығындағы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту кезек күттірмейтін мәселелердің біріне айналды. Себебі тұрғындардың жеке тұрғын үй салу үшін жер учаскесін бөлу жөніндегі сұраныстары жылдан-жылға өсіп келеді. Қазіргі таңда 11 мыңға жуық тұрғын кезекте тұр екен. Сондықтан осы мәселелерді шешу мақсатында ауданда 2 қоныстану аймағы игеріліп жатқан көрінеді.
Баспана мәселесі біржақты етіледі
Соңғы 3 жылдың ішінде аудан бойынша тұрғындарға 1738 жер учаскесі табысталған. Ауданда баспана мәселесін шешу үшін көптеген жоба қолға алынған. Нәтижесінде өткен жылы Әйтеке би кентінінен 4 пәтерлі 10 тұрғын үй салынды.
– 2021 жылы да баспана мәселесін шешу үшін жалға берілетін үйлерді сатып алуға 294 миллион теңге қаржы қаралған. Бұған көлемі 60 шаршы метр кем болмайтын 35 тұрғын үй сатып алуды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасымен Қ.Пірімов ауылынан спорт кешенін салу үшін қаржы көздері қарастырылуда. Ауданға қарасты барлық ауылдардың проблемалық мәселелерін біртіндеп шешіп келеміз. 2020 жылдың өзінде Ақсуат ауылындағы апаттық жағдайдағы балабақша мен клуб салынып, жаңа заманауи ғимаратқа көшірілді.
Тұрғындар тарапынан жиі айтылатын «Қарлаң» көпірінің де мәселесі шешілетін күн алыс емес. 2021 жылдың бюджетінен көпір құрылысының жобасын әзірлеп, сараптамадан өткізуге 80,3 миллион теңге бөлінді. Құжат дайын болған уақытта тиісті ведомостволарға ұсынып, қаржыландыруды қарастыратын боламыз, – деді аудан басшысы.
Пандемия кезінде аудан халқы дәрігерлердің маңыздылығын жақсы түсінді. Олар қиын сәтте қиналғандарға қол ұшын созып, қолдарынан келгенін аямады. Нақ сол уақытта ауданда оттегі тапшылығы орын алды. Көп ұзамай бұл мәселе де шешімін тауып 2020 жылдың желтоқсан айында Қазалы ауданаралық аруханасынан «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ-ның демеушілігімен оттегі станциясы ашылды. Заманауи қондырғылармен жабдықталған станция Қазалы ауданымен қатар, көршілес Арал, Қармақшы ауданы мен Байқоңыр қаласын оттегімен қамтамасыз етуге қауқарлы. Одан бөлек, медицина қызметкерлері жұқпалы індеттің алдын алуға қажетті құрал-жабдық пен дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді.
Білім саласы – басты назарда
Білімді ұрпақ – ел ертеңі. Сондықтан ауданда білім саласын дамыту мәселесі бір сәтте назардан тыс қалмай келеді. Негізі ауданда 38 жалпы білім беретін мектеп бар. Бүгінгі таңда ауданда 3 ауысымда оқитын мектептеп жоқ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында педагогтардың жалақысын арттыруды тапсырғанын ескерсек, осыған орай 2020 жылдың 1 қаңтардан бастап мұғалімдердің жалақысы 25 процентке, алдағы 2 жылда да тағы артатын естен шығармайық.
Өткен жылы «Жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы арқылы бірнеше мектеп пен балабақша ғимараттары күрделі және орташа жөндеуден өткізілді. «Шағала» лагерінің асханасы мен жатақханасы жөнделді. Бұл жұмыстар биыл да өз жалғасатынын айтқан аудан әкімі тұрғындар тарапынан көтеріліп келген ұсыныстар қолдау табатынын айтты. Сондай-ақ бұрынғы №170 мектептің орнына 250 орындық мектеп салынып, биыл Әйтеке би кентіндегі №226 мектеп-гимназияға қосымша спорт зал салынатын көрінеді.
Ауыл шаруашылық саласы алдыңғы қатарда
Өткен жылы Сырдария өзеніндегі су деңгейі өте төмен болып, су тапшылығы орын алды. Бұған қарамастан 17 675 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілді. Оларды орналастыру барысында әртараптандыру бағытындағы дақылдарға ерекше мән беріліп, нәтижесінде 2019 жылмен салыстырғанда аталған дақылдар көлемі 167 гектарға артты. Оның үстіне дала еңбеккерлері өткен жылы егілген 6337 гектар күріштің әр гектарынан 41 центнерден өнім жинап, ел қамбасына 25 мың тоннадан астам астық құйды.
– Қазалы ауданы облыс көлемінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу бойынша «Үздік аудан» атанып, бөрігімізді көкке көтердік. Ауданнан 3,5 мың тоннадан астам ақталған күріш және күріш ұнтағы ТМД елдері мен өзге 7 елге экспортталып, қуанышымыз одан әрі еселене түсті. Бұдан бөлек 1 мың тоннадан астам балық өнімдері Ресей, Дания, Германия, Грузия, Қытайға жөнелтілді. Ал «Орда Қызылорда» ЖШС Қазалы ауданынан 129 тонна қамысты Германияға экспорттады.
Биылғы жылы аудан бойынша 17 685 гектар ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастыруды жоспарлап отырмыз. Оның ішінде негізгі дақыл – күріштің көлемі 6637 гектар. Мал шаруашылығына келсек, төрт түліктің барлық түрінде өсім бар. Мал басының көбеюіне тұрғындардың жеке қаражаттарынан бөлек, мемлекеттік бағдарламалардың көп көмегі тиюде.
Ауданда жұмыссыздық деңгейін азайту мақсатында түрлі шараны қолға алынуда. Соның ішінде тұрғындарға бақша дақылын егіп, кәсіппен айналысуына көмектесу. Өткен жылы Әйтеке би кентінен 50 гектар жер демеушіліктің есебінен дайындалып, тұрғындарға табысталды. Амандық болса биыл тұрғындар осы жерге бақша дақылдарын егеді деп жоспарлаудамыз. Ауданда арнайы жұмысшы тобы құрылып, әр ауылдың әлеуметтік-экономикалық даму бағытын анықтап жатыр. Мысалы, біз қазір Бекарыстан би ауылының тұрғындарына көмектесуді көздеп отырмыз. Ауылдың маңынан аяқсу жететін жерлерді белгілеп, ауылдағы жұмыссыз жүрген азаматтарға бақша дақылдарын егуді ұсынатын боламыз, – деді Мұрат Нәлхожаұлы.
Аудан басшысының айтуынша, қазіргі таңда ауданда ашылған көкөніс сақтау қоймасының басшысыларымен алдын ала келісім жасалған көрінеді. Егер ауылдан картоп егуге ниетті азаматтар болса, жеке кәсіпкер тұқымдыққа картоп дақылын беріп, күзді күні шыққан өнімді толықтай өзі сатып ала алады. Сонымен қатар өткен жылы 11843 гектар жер учаскесі ауылшаруашылық айналымына енгізіліп, 31 тұлғаға берілген. Бұл өз кезегінде осыншама азаматтардың кәсіппен айналысуына жол ашты.
Кәсіп көкжиегі кеңейуде
Елімізде енгізілген карантиндік шектеулерге қарамастан өнеркәсіп кәсіпорындарында 15,5 миллиард теңгенің өнімі өндірілген. Бұл 2019 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 2,4 процентке артық болып отыр. Осы негізде 2020 жылы жаңадан 1289 кәсіпкер тіркелген. Ол 2019 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 26% немесе 273 кәсіпкерге артық. Сондай-ақ жыл ішінде түрлі мемлекеттік бағдарлама аясында 1250 адам 3,0 миллиард теңге қайтарымсыз грантпен несие алған. Және 27 кәсіпкерлік нысан пайдалануға берілген. Ал биыл жаңадан 25 кәсіпкерлік нысан ашылатынын аудан басшысы жасырмады.
Өткен жылы аудандар арасында алғашқы рет бізде сыйымдылығы 500 тонна болатын көкөніс пен жеміс-жидек сақтау қоймасы ашылды. Бұл өз кезегінде ауданда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыруға септігін тигізгені анық. 2020 жылы Қазалы ауданында 1516 жаңа жұмыс орындары ашылып, 1582 адам тұрақты жұмысқа орналасты. Одан бөлек жұмыссыздық мәселесінің алдын алу мақсатында «Жол картасы» бағдарламасы арқылы бірқатар жобалар дайындалып, қолдау тапқан. Соның нәтижесінде 933 тұрғынды уақытша жұмыспен қамтамасыз етілген.
Ауданда былтыр «Еңбек» бағдарламасы арқылы 928 тұрғын 555 мың теңгеден қайтарымсыз грант алды. Бұл өз кезегінде жұмыссыз азаматтардың кәсіппен айналысып, өз-өзін жұмыспен қамтуға септігін тигізді. Сонымен қатар пандемия кезінде аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері де жауапкершілікпен жұмыс атқарды. Төтенше жағдай жарияланған уақытта олар күндіз-түні блокбекетте күзетте тұрып, жұқпалы індеттің таралуына тосқауыл болды.
«Қазалы ауданында атқарылған шаруалар аз емес. Алда күтіп тұрған іс те, жұмыс та жетерлік. Уақыт ағымынан, заман көшінен кейіндеп қалмас үшін осы міндеттерді тиянақты жүзеге асыруға бізде барлық мүмкіндік бар», – деген аудан әкімі алдағы уақытта осы бағыттағы жұмыстар жалғасатынын айтты.

А.БАҚЫТҰЛЫ