Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан бюджетінде өсім бар

Аудан бюджетінде өсім бар

Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығына сәйкес аудан әкімдерінің дәстүрлі есеп беру кездесуі сәрсенбі күні Басықара ауылдық округінде бастау алды.
Жиында ауылдық учаскелік полицей инспекторы мен ауыл әкімі Мұрат Бекмамбетовтың жылдық есебі тыңдалды.
Мұнан соң аудан басшысы 2019 жылы ауданда атқарған жұмыстар жөнінде баяндады.
- Өткен жыл Қазалы ауданы үшін табысты болды. Әлеуметтік және экономикалық көрсеткіштерде алға қойған межелерді орындап қана қоймай, көптеген салада күтілген нәтижелерден артық көрсеткіштерге қол жеткіздік. Бұл жетістіктерге Сіздердің қосқан үлестеріңіз зор.
Мақтанышпен айтайын, аудан экономикасы жылдан жылға артып келеді. Мәселен, 2019 жылдың басында аудан бюджеті - 19,4 млрд. теңге болып бекітілсе, жыл соңында - 22,7 млрд. теңгеден асты.
Ал, 2020 жылдың бюджетін - 21,3 млрд. теңгеге бекітіп отырмыз. Бұл облысымызда - Қызылорда қаласынан кейінгі екінші орында, - деді Мұрат Нәлхожаұлы.
Осы ретте бекітілген бюджеттің - 15 млрд.теңгесі білім мен әлеуметтік салаға бағытталған.
Кездесуде тұрғындар тарапынан ұсыныс-тілектер тыңдалып, тиісті жауаптар берілді.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
15 қаңтар 2020 ж. 1 096 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 61

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930