Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Құрылыс қарқынды жүріп жатыр

Құрылыс қарқынды жүріп жатыр

Қазалы ауданында биылғы жылдың қиыншылықтарына қарамастан ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Бір ғана «Жол картасы» бағдарламасы аясында 3 млрд теңге болатын 42 жоба іске асырылуда. Бұл туралы бүгін журналистермен кездескен аудан әкімі Мұрат Ергешбаев айтып берді.

– Биылғы жылдың ерекшелігіне қарамастан ауданда ауқымды жұмыстар атқарылды. Айтатыны жоқ, мемлекет үшін де, халық үшін де қиын уақыт болды. Алайда халықты еңбекпен қамтып, жұмыссыздықтың алдын алу үшін 2020-2021 жылдарға арналған жұмыспен қамтудың Жол картасы қабылданды. Соның нәтижесінде өзекті мәселелердің түйіні тарқатылып, бірқатар шаруаның шешімі табылды, – деді Мұрат Нәлқожаұлы.

Сондай-ақ, аудан басшысы «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында Бекарыстан би ауылында 1 млрд теңгеге жуық қаржының жұмыстары жүргізіліп жатырғанын тілге тиек етті. Одан бөлек, тұрғын үй салу, білім және мәдениет нысандарын жөндеу, көшелерді асфальттау бағытында да ауқымды жұмыстар атқарылғанын жеткізіп, бұл жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табатынын айтып берді.

Бейресми кездесуге келген облыстық «Сыр бойы» газетінің Арал, Қазалы аудандарындағы меншікті тілшісі Жұмабек Табынбаев және аймақтық «Тұран Қазалы» газетінің бас редакторы Ғазиз Әліш, аудандық «Қазалы» газетінің редакторы Есет Табынбаев көкейдегі сұрақтарын қойып, жауаптарын алды.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат

06 қараша 2020 ж. 780 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031