Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аналар – асыл жандар

Аналар – асыл жандар

Ардақты аналар, аяулы арулар!
Көктемнің шуағымен бірге келген жылулық пен ізгіліктің мерекесі – 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Ана – қашанда тіршіліктің тірегі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі, жақсылықтың бастауы. Халқымыз әрқашан әйел затын қастерлеп, ырыс пен ынтымақтың алтын діңгегіне балаған.
Ел мақтанышына айналған ұлағатты аналардың өмір жолдары бүгінгі ұрпақ үшін үлгі-өнеге. Олардың бірі – парасат-парқымен талай аңызға арқау болса, енді бірі – елінің тыныштығын қорғап, берекесін еселеді. Сөзіміздің дәлелі – алты алашқа танымал Бегім мен Домалақ аналар, Айша бибі, Қыз Жібек пен Баян сұлу, ел басына күн туған заманда ерлермен иық тірестіріп, жанын пида еткен Тұмар мен Зарина ханшайымдар, кешегі Әлия мен Мәншүк, Роза мен Мәдиналар.
«Отан – отбасынан басталады» дейді дана халқымыз. Еліміздің гүлденіп-көркеюі, дамыған мемлекетке айналуы отбасындағы тату тіршілікке байланысты. Ал үй ішіндегі береке ананың қолында екені баршамызға белгілі. Сондықтан да әйел – Отан сақтаушысы, береке-бірліктің бастауы ретінде бағаланады.
Қымбатты асыл аналар, қыз-келіншектер, қарындастар!
Сіздерге шынайы ықыласымды білдіре отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақ пен береке, шаңырақтарыңызға шаттық тілеймін! Көктемнің гүліндей құлпырып, бақытты да баянды ғұмыр кешіңіздер!

Ізгі ниетпен,
аудан әкімі Мұрат Ергешбаев
06 наурыз 2021 ж. 3 560 0

Қазақстанда күз қалай өтеді?

03 қыркүйек 2025 ж. 144

Қауіпке қарсы қам

03 қыркүйек 2025 ж. 200

Қағылды алғашқы қоңырау

03 қыркүйек 2025 ж. 169

Өгей өмір

03 қыркүйек 2025 ж. 148

Аяқдоп арманға жеткізді

03 қыркүйек 2025 ж. 163

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930