Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елбасы қыз-келіншектерді мерекемен құттықтады

Елбасы қыз-келіншектерді мерекемен құттықтады

    Бүгін Халықаралық әйелдер күніне орай елордадағы «Қазақстан» ОКЗ-де «Көктем шуағы» атты концерт өтті. Мерекелік концерт алдында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қыз-келіншектерді құттықтады
      «Ең алдымен баршаңызды көктем мерейін ала келген тамаша мереке - Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын. Бұл күн асыл ананы, сүйікті жарды, қадірлі қарындасты мейірімге бөлейтін ерекше мереке екенін білеміз. Қазақта «Ұл туса - ұрпағым өседі, қыз туса ұлтым өседі» деген ұлағатты сөз бар. Кең байтақ Ұлы даламызда есімдері ел мақтанышына айналған ардақты аруларымыз аз емес. Әйел әсемдік пен әдеміліктің, көрегендік пен көркемдіктің, береке мен бірліктің символы болып табылады. Гендерлік саясат пен феминизм дәстүрі қазақ мәдениеті үшін ешқашан жаңалық болған емес. Дала өркениетінің негізін қалаған бабаларымыз қыздарды қадірлеуді әу баста өмір салтына айналдырған. Әйелдер қауымы мемлекет пен қоғам өмірінің барлық саласында аянбай еңбек етуде. Қазіргі жаһандану заманында қазақ қыздарына тән асыл қасиеттерді сақтап қалуымыз керек. Интернет дәуірінде сырттан ағылған ақпарат тасқынына біржола шектеу қойып жату мүмкін емес. Оның арасында жан дүниесіне жат сан түрлі мағлұматтар бар. Әрбір қазақтың қызында дәуірдің жақсысын бойына сіңіріп, жаманына ішкі сүзгі болуы керек», - деді Елбасы.
      Нұрсұлтан Назарбаев әйел баласы бүгінде ұлыстың ұйытқысына, ұлттың ұятына, берекенің бастауына айналғанын атап өтті.
«Қазіргі қазақтың қыздары қандай болса, ертең тұтас ұрпақ сондай болады. Сондықтан, ар-намыс, адалдық пен адамгершілік, ізгілік пен қайырымдылық, әдептілік секілді асыл қасиеттер қазақ аруларының бойындағы ұлттық иммунитет іспетті. Біз аруларды ардақтап, оларды киелі шаңырақтың алтын діңгегіне айналдырған елміз. Бір заманда бабаларымыз «Әйел ырысың, қыз өрісің, келінің тынысың» деген. Бүгін Сіздер ұлыстың ұйытқысына, ұлттың ұятына, берекенің бастауына айналдыңыздар. Себебі, біз Тәуелсіз елде тұрып жатырмыз. Саясаттың бәрін өзіміз шешіп жатырмыз. Татулық пен тұрақтылықтың бағасын ақ жаулықты аналардан артық ешкім білмейді», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
    Мерекелік шара барысында ҚР Президенті көп балалы аналар – елордалық Р.Аяғанова «Күміс алқа» мен ОҚО тұрғыны А.Түзелбаеваға «Алтын алқа» марапатын табыс етті.
Baq.kz
08 наурыз 2018 ж. 1 257 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 78

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 71

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930