Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мерекедегі марапат

Мерекедегі марапат

Кеше Р.Бағланова атындағы аудандық мәдениет орталығында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесіне арналған «Ана өмірдің шуағы» атты шара өтті. Мерекелік жиын халықтық театрының арнайы нәзік жандылар мейрамына орай сахналық қойылымымен басталды. Одан соң кешті ашу үшін сөз алған аудан әкімінің орынбасары Күнтілес Назымбеков аруларды мерекемен құттықтады.

– Қазақта «Ұл туса – ұрпағың, қыз туса – ұлтың өседі» деген ұлағатты сөз бар. Кең байтақ даламызда ел мақтанышына айналған әйел заты аз емес. Батыр аналар ел басына күн туғанда ер азаматтар мен бірге қолына қару алып, Отан қорғады. Әлия мен Мәншүк сынды арулар өшпес ерліктерімен ел санасында қалды. Қазақ әйелдерінің арасында зор құрметке бөленген аналарымыз Домалақ ана, Бегім ана, Айша бибі, Айғаным ханша, Зере әжеміздің парасатты символы болып саналады. Заманында бабалар «Әйел ырысың, қыз өрісің, келін тынысың» деп бекер айтпаған. Бүгінгі күні сіздер ұлыстың ұйытқысына, ұлттың ұятына, берекенің бастауына айналдыңыздар!
Қымбатты ханымдар, бүгінгідей айшықты мереке күні сіздерге деген ең ізгі ықылас сезімдерді жеткізу үшін басқосып отырмыз. Көктемнің негізгі мерекесі 8 наурыз күнінде тілектер, жүрекжарды ақ ниеттер ақтарылады. Ел дамуы жолындағы ерен еңбектеріңізге зор ықыласпен ризашылық пен білдіре отырып, көктемнің шұғылалы мерекесімен құттықтаймын, – деген аудан әкімінің орынбасары бірқатар аналарды алтын, күміс алқа және Алғыс хатпен марапаттады.
Атап айтсақ, Кәукей ауылының тұрғыны Бағдагүл Орынбаева, бозкөлдік Әлия Қолдасова және Әйтеке би кентінің тұрғыны Гүлжахан Батырбек алтыннан алқа тақты.
Сондай-ақ Шәкен ауылынан тұрғыны Малика Надирова, бекарыстанбилік Эльмира Дабылдиева, Ү.Түктібаевтан келген Айымкүл Келімбетова, Қазалы қаласының тұрғыны Жанар Қалжанова, тасарық ­ауылынан Алмагүл Абжалиева және жанкенттік Зияш Өмірзақова күміс алқа еншіледі. Мұнан өзге шараға қатысқан бірқатар нәзік жандылар Қызылорда облысы әкімінің және аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

А. БАҚЫТҰЛЫ


06 наурыз 2021 ж. 2 654 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 56

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930