Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Отандық кәсіпкер жел электростанциясын салмақ

Отандық кәсіпкер жел электростанциясын салмақ

«БЕСТ – Групп НС» ЖШС иелік ететік кәсіпкер Әділов Алтынбек Аралбекұлы Маңғыстау облысының Түпқараған ауданындағы Ақшұқыр кентінің солтүстік бөлігінде қалпына келетін қуат көздерін өндіру бойынша жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отыр.
Анығырақ айтқанда, 5 МВт жел электр стансасын салмақ. Маңғыстау облысында жел энергиясын пайдалану үшін ресурс көп.
Жобаның негізгі мақсаты электр энергиясын өндіру бойынша кәсіпорын құру және қалпына келетін қуат көздерінен электр энергиясын өндіру. Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы мемлекет басшысының 2015 жылғы 30 қарашадағы Қазақстан халқына арналған «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» жолдауына сәйкес құрылған. Осы жобаны іске асыру үшін компания «Сбербанк России» АҚ ЕБ қаражатын пайдаланды.
«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың біріңғай бағдарламасы аясында субсидияланды. Енді клиент 17 пайыздық несиенің 7 пайызын ғана өтейді. Ал 10%-ы мемлекет есебінен ақысыз негізде төленеді.
Сондай-ақ, қарыздың толық қамтамасыз етілмеуіне байланысты «Даму» қоры несие сомасының 50% мөлшерінде кепілдікті алуды ұсынды. Бұл қарызды 100% қамтамасыз етуге және қажет сома көлемінде несие алуға мүмкіндік берді.
Осы инвестициялық жоба шеңберінде жел электр станциясын салу үшін Германиядан жабдықтар сатып алынды. Ол сапа мен жұмыс істеу кепілдігін қамтамасыз етеді.
Жоба 2018 жылдың наурыз айында толық іске қосылады деп жоспарланған.
08 желтоқсан 2017 ж. 1 671 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031