Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада мүгедектік бойынша зейнетақы ресімдеуге жәрдемдесуге уәде еткен алаяқ әйел ұсталды

Қызылордада мүгедектік бойынша зейнетақы ресімдеуге жәрдемдесуге уәде еткен алаяқ әйел ұсталды

Қызылорда облысында мүгедектік бойынша зейнетақы ресімдеуге жәрдемдесуге уәде еткен алаяқ әйел ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz. сайтына сілтеме жасап

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында облыс орталығының 35 жастағы тұрғынын құрықтады. Ол облыс тұрғынына мүгедектік бойынша зейнетақы ресімдеуге жәрдемдесуге уәде еткен.
Жәбірленуші алаяқтың сөзіне сеніп, оған 180 мың теңге көлемінде қаражат төлеген. Өзінің айла-амалдары мен жоспарларын жүзеге асыру мақсатында күдікті азаматша оған әлеуметтік қамсыздандыру мекемесінің қызметкері екенін айтқан.
Қазіргі таңда күдікті азаматшаның алаяқтықтың бұдан басқа да екі дерегіне қатыстылығы анықталды. Оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігінің 4-тармағымен (Бірнеше рет жасалған алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. 
Күдікті өз кінәсін толық мойындады.
04 ақпан 2021 ж. 2 737 0

Жасөспірім және заң

27 қаңтар 2026 ж. 136

Ерлікке толы ғұмыр

27 қаңтар 2026 ж. 135

Халыққа қолайлы қызмет

27 қаңтар 2026 ж. 145

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031