Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысында киік атқандар ұсталды

Қызылорда облысында киік атқандар ұсталды

Қызылорда облысында киік ату дерегі анықталды.
«Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық шарасы барысында Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің қызметкерлері түнгі сағат 03:20 шамасында Төретам кентінен Батыс Қытай – Батыс Еуропа тасжолына шығатын жолда «Лада Ларгус» маркалы күдікті автокөлікті тоқтатқан.
Тексеру барысында автокөліктің жүксалғышында төрт бас киіктің еті бар екені анықталды. Бұдан бөлек, жүксалғыштан бір дана қоян, екі дана 12 калибрлі аңшы мылтығы мен оның оқ-дәрілері айғақ зат ретінде алынды.
Киік атқан екі күдіктіге қатысты Қазақастан Республикасы Қылмыстық кодексінің 339-бабы 2-бөлігінің 2) тармағымен (Алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды. Полицейлер оқиғаның мән-жайларын анықтауда.

06 қаңтар 2021 ж. 2 756 0

Сенбідегі серпін

01 сәуір 2025 ж. 178

Сыр перзенті

01 сәуір 2025 ж. 166

Кеудесін оққа тосқан

01 сәуір 2025 ж. 159

Tik-Tok тәлім бере ме?

01 сәуір 2025 ж. 170

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930