Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұстаздарға құрмет көрсетілді

Ұстаздарға құрмет көрсетілді

Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие мен болашаққа бағыт-бағдар беруде ұстаздардың еңбегі зор. Бүгін мұғалімдердің кәсіби мерекесіне орай аудан әкімдігінің мәжіліс залында салтанатты шара өткізілді.
Аудан ұстаздарының басын қосқан мерекелік шарада аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықова мерекелік лебізін жеткізді. Бейнеконференциялық байланыс арқылы барша өңір ұстаздарын құттықтаған облыс әкімі ұстаздар қауымының қастерлі қызметтеріне сәттілік, еңбектеріне табыс тіледі.
Мұнан соң сөз тізгінін аудан әкімі Мұрат Ергешбаев алып, мұғалімдерді мерекемен құттықтады.
– Баршаңызды төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. Елдің ертеңгі буыны – ұрпақ келешегінің кемел, болашағының баянды болуы, ең әуелі мұғалімнің есімімен тікелей байланысты. Білім мен тәрбие құндылықтарын үздіксіз игертіп, сауатты және өз білімін туған жерінің игілігіне жұмсауға құштар жас өрендерді өсіріп, алтын ұяларынан ұшыру да ұстаздардың күнделікті тіршілігінің көрінісі. Сондықтан да бар адамзаттың құнды өмірлік тәжірибесін және адамгершілік негізін қалыптастырған мұғалімдер қауымын ұлықтап, құрмет білдіретін бұл күн – ұлық мереке, – деген Мұрат Нәлхожаұлы біздің ауданда апатты мектептер мәселесі толығымен шешілген жеткізді.
Сондай-ақ, биыл «Жұмыспен қамтудың Жол картасы» мемлекеттік бағдарламасымен 2 мектеп күрделі жөндеуден, 6 мектеп пен 3 балабақша және «Шағала» лагері ағымдағы жөндеуден өткізіліп жатқанын тілге тиек етті.
Мұғалімдер күні қарсаңында ұйымдастырылған салтанатты шарада ұлағатты ұстаздарға құрмет көрсетіліп, аудан әкімінің «Алғыс хаты» тапсырылды.
"Қазалы" ақпарат
02 қазан 2020 ж. 1 129 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930