Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі әлеуметтік нысандарды аралады

Аудан әкімі әлеуметтік нысандарды аралады

Қазалы ауданының әкімі Мұрат Ергешбаев бірқатар кәсіпкерлік нысандарын аралады. Алдымен жеке кәсіпкер Т.Игіліковтің балық зауытының жұмысымен танысты. Мұнда негізінен көксерке балығы өңделеді. Қазіргі кезде теңізден ауланып, дайындалған өнімдер Еуропа нарығына шығарылуда.
«Игіліков» шаруа қожалығы 2011 жылдан бастап Арал теңізінен балықтың 10 түрін аулап келеді. Осы күнге дейін балық өнімдерін қатырып, мұздатылған күйде саудалап келген. Цех ғимаратын кеңейтіп, құрал-жабдықтар алғаннан кейін балықты өңдей бастады. Зауытта тәулігіне 5 тонна балық сүбесі өндіріледі.
Бұдан соң, аудан әкімі «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» көлік дәлізі бойында орналасқан «Арзан сіту» кешенінде болды. Жеке кәсіпкер жол бойы сервистік кешенін ашу арқылы он адамды жұмыспен қамтып отыр. Кешенде 120 адамға арналған кафе, 20 орындық қонақ үй және монша, автокөлік жуу орталығы, шағын маркет, техникалық қызмет көрсету орындары бар.
Жалпы, Қазалы ауданы аумағынан 96 шақырымы өтетін «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» көлік дәлізі бойынан сервистік қызмет көрсету нысандарын салуға 5 учаске белгіленген. Қазіргі таңда екі нысан пайдалануға берілсе, бір нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр. Ал, қалған екеуінің құжаттары әзірленуде.
Ауданда мал шаруашылығын өрістетіп отырған кәсіпкерлер Есет Серімовтің «Жеңіс» шаруа қожалығы мен Үсенқара Сейілбаевтың мал бордақылау алаңының жұмысымен танысуға барған аудан әкімі олардың жұмысына сәттілік тіледі. Бұдан соң жануарлар арасындағы жұқпалы ауруларды диагностикалау жұмыстарын жүргізетін аудандық ветеринариялық зертхана жұмысымен де танысты. Сондай-ақ, аудан әкімінің тапсырмасымен базарлардағы ет сапасы бақылауға алынды. Тиісті мамандар ет дүкендерін аралап, рұқсат құжаттары мен санитарлық талаптардың сақталуын қадағалады. Мамандардың айтуынша, бүгінгі күні аудан бойынша эпизоотиялық ахуал тұрақты.
Сонымен бірге, аудан әкімі 5 кварталдағы спорт кешенінің жұмысымен таныса келе, Қазалы көлік-техникалық колледжінде біліп алып жатқан болашақ теміржолшылармен жүздесті.
Колледждегі оқу кабинеттері мен шеберханаларды аралап, білім ордасының оқу процесіне қанықты. Колледж жанындағы әдістемелік орталық пен өлкетану мұражайын аралап, оқу орны қызметкерлерінің күшімен ашылған жылыжайды көрді.
Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА.


08 ақпан 2018 ж. 1 977 0

Мәдени мұра

18 сәуір 2024 ж. 72

Жанға жайлы демалыс

18 сәуір 2024 ж. 76

Қалдықсыз болашақ

18 сәуір 2024 ж. 60

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930