Көптің көңілі – кент көшелерінде
Осыдан бірер жыл бұрын аудан тұрғындары кент әкімшілігі алдындағы алаңның жыл сайын, әсілі әкім ауысқан сайын жаңартылатынына өкпелейтін. Сондағысы қомақты қаржыны аудан орталығындағы басқа кемшіл мәселелерге жұмсаса екен тілегі еді. Одан бері де әкімдік креслосын бірнеше басшы ауыстырды. Қуанарлығы, соған қарамастан кент көшелеріндегі ілкімді істер легі күн санап артып келеді. Соған сай орталықтан тысқары жатқан аумақтардың да ажары артып, абаттандырылуда. Осы тұста жыл басынан бері кент көлемінде жасалған жұмыстар жайында құзырлылардан сұрап білген едік.
Көзге тартымды орта қалыптастыруды кенттік қызметкерлер өздері отырған мекемеден бастаса керек. Бұл да жөн. Мердігер компания ретінде танылған “Ақжол 5” серіктестігі ғимараттың сыртқы дидарын әрлеп, ішкі бөлігін әктеп, жылу қазандығы мен насос жүйесін жаңартып беріпті. Сонымен бірге іргетасы мен тозығы жеткен пластикалық есіктерін ауыстырған.
Көктем айларында көпшіліктің көзі көгалдандыруға ерек түсетінін білеміз. Биыл мұндай істі іске асыру үшін басты назар Әйтеке би ескерткіші орналасқан алаңға аударылған. Жобаның негізгі мақсаты ескерткіш алаңының 2100 шаршы метрін тегістеп, саны 200-ден асатын әр түрлі көшет, 300 шаршы метр аумаққа жиырма мыңнан астам гүл, 1800 шаршы метр жерге жоңышқа отырғызып, тағы біраз аумаққа көң салу жұмыстарын жүргізу еді. Бұл бір қарағанда оңай шаруаға ұқсағанымен негізі бір атанға жүк болатын тіршілік. Өйткені мердігер компанияның еңбек адамдары алдымен сортаң басқан топырақты қазып алып, орнына құнарлы, жасыл шөптің дене тіктеуіне қажетті минералы бар топырақ төгуі тиіс болған. Жұмысшылардың ерен еңбегінің арқасында алаң жасыл желекке айналып, қолға алынған іс бүгінде толықтай аяқталған. Белгіленген қызметкерлер мұндағы “көкті” 5 ай бойы күтіп ұстап, жақында суаруды тоқтатты. Сондай-ақ “ҚазалыСтройСервис” ЖШС №249 мектеп-лицейден бастап Р.Өтегенов көшесіне дейін ұзындығы 240 метр болатын тротуар салып берді.
Осы айдың соңына жақын тағы бірқатар тірлік өз мәресіне жетеді. Соның бірі – электронды табло орнату ісі. Шамасы мұндай заманауи “жаршы” кент аумағында алғаш рет төбе көрсеткелі тұр. «Нұрлан Ж» серіктестігі мамандары бірер аптадан кейін екі бірдей элетронды таблоны Қ.Пірімов пен Әйтеке би көшесі қиылысына және Жанқожа батыр мен Т.Бөріқұлақов көшесінің кездескен тұсына орнатып беретіндерін айтып отыр. Қазірдің өзінде іргетасы қаланып үлгерген электронды тақтайшалар қыркүйек айының аяғына дейін іске қосылып, ауданның жағымды жаңалықтарының жаршысы болмақ.
Сонымен бірге ай соңына дейін кент орталығындағы 5 қабатты тұрғын үйлер ауласындағы балалар ойын алаңындағы ағымдағы жөндеу жұмыстары мәресіне жетеді. Бүгінде алаңдағы құрылғылар, темір қоршаулар қайта жаңғырту үшін аталған мекеменің базасына жеткізіліп, қалпына келтіріліп жатыр.
Бұдан бөлек «Бетта Групп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің араласуымен де ауқымды тірліктер атқарылған. Мәселен, бүгінде 5 кварталдағы Дулатов пен Елховников көшесі тұрғындарының доп теуіп жүрген жасанды футбол алаңын аталған компания жұмысшылары салып берген. Ол аз десеңіз, олар биыл кент бойынша 13 дана аялдаманың қаңылтырларын ауыстырып, төбе жабынын қайта жапсырған. Көлемі 3х2 метр болатын темір бұйымынан жасалған 9 аялдаманы №234 мектептің жанына, Мұқанов, Жетес би, Ш.Айманов, Жанқожа батыр, Т.Бокин, Дулатов көшелері мен Теміржол ауруханасы алдына орналастырған.
Биыл Жанқожа батыр көшесіндегі көпқабатты үйлер тұрғындарының мұңына құлақ түрілді. Олай деуімізге үй ауласындағы қоқыстардың тазалануы мен абаттандырылуы түрткі болып отыр. Аталған көшедегі №102 үйдің ауласына «Сарым-Құрылыс» компаниясының жетекшілігімен 4 есікті көпшілік әжетхана, қалдық су төгетін орын және 2 дана қоқыс жәшігі орнатылды. №85, №89 үйлердің алдына да осы сарындағы жұмыстар жасалып, жарықтандырылған. Осыған ұқсас мәселесі бар Қ.Ерімбет, Я.Михайлюк көшесінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйлердің аумағында да осындай шаруалар атқарылды.
Бірнеше жыл бұрын ашылған Жетес би ескерткіші орналасқан алаң да ерекше күйге енді. Мұнда осы жылы брусчатка төселіп, 100 дана тал егілді. Соған сай аяқсу мәселесі шешілді. Қоршаулары сырланып, жаңадан тренажер құрылғылары орнатылды. Ал О.Жанәділов көшесіне 500 метрге жуық тратуар төселді.
Бұған дейін кенттегі ішкі жолдарды жөндеу, асфальт төсеу ісі жақсы қарқын алып келе жатқанын жазған едік. Бүгінде жоспарға енгізілген көшелердің басым бөлігі жөндеу көрді. Мәселен, Молдағалиев, Абай Құнанбаев тұйығы мен көшесі, 4 кварталдағы 5 көше, 3 кварталдағы Жаймұратов, Нурилла ана көшелері мен Жәмет жырауға орташа жөндеу жүргізілді. Сонымен қатар мердігер «Мансури» серіктестігі кенттің ішкі көшелеріндегі тесік-шұңқырларды қалыпқа келтіруге күш салғанын білеміз. Жауапты мамандардың берген мәліметіне сенсек 2100 метр квадрат асфальт қабаты құрылысшы қолын көрген. Бұдан соң қосымша бөлінген қаржыға сәйкес тағы біршама асфальт тегістелген. Бүгінгі күні жобаның қаржысы толық игерілсе де атқарылған жұмыс құзырлылар тарапынан қабылданбағанын да тілге тиек ете кетейік.
Жол жөндеу жұмыстарымен қатар кентте жарықшамдар орнату ісі де ілгерілеп келеді. Қазірдің өзінде екі жүзге жуық көшенің біразында түнгі жарық жанып тұр. Жаңа технологияның арқасында Жанқожа батыр, Р.Бағланова көшелері және Әйтеке би кентіне кіреберіс жолда орналасқан түнгі жарықшамдардың қамту аймағы ұлғайып, кентке көз тартар кейіп беріп тұр. Қ.Пірімов пен Т.Бөріқұлақов көшелерінің аралығына да 16 баған тұрғызылды. Бірақ бұлардан ауқымдырақ тірлік Жалаңтөс батыр көшесінде атқарылды. Бас-аяғы екі километрді құрайтын жолға 54 дана жарық диотты орнатылды. Жоба аясында Жалаңтөс батыр тұйығы да жарықтандырылды. Соның арқасында жергілікті 5 тұрғын уақытша жұмыспен қамтылғанын айтпай кетуге болмайды.

Ринат Әбдіқалық