Кент келбеті көркейіп келеді
Елдегі төтенше жағдайға байланысты көптеген іс-шара, жиын мен ауқымды жоспарлар кейінге қалдырылғанын білеміз. Десек те күн сайын жаңалық ашылып жатқан дәуірде бір орында тұруға болмайды. Себебі экономиканы қарыштату, қалалар мен елді мекендерді көркейту күн тәртібінен түспейтін мәселе саналады. Содан да болар соңғы бірнеше айда аудан орталығы Әйтеке би кентінің көркі еселеніп, тартымды тұстары артып келеді. Бұл туралы кент әкімі Қайрақбай Орынбасаровтың еңбегі орасан екенін айта кеткен жөн.
Кент басшысы ретінде сайланғанына көп уақыт өтпесе де біршама тірлік атқарылды. Көктемгі тазалық науқаны да ерекше қарқын алып, белсенді аудан тұрғындарының көрсеткен кемшіл тұстары жөнделіп келеді. Бұдан бөлек әлемдік мәселеге айналған тәжвирус пандемиясының таралуына тосқауыл қою мақсатында да кент әкімі тарапынан ауқымды шаралар қолға алынды. Қайрақбай Орынбасаров бастаған бір топ маман кәсіпкерлік нысандарды аралап, сақтық шараларын қатаң сақтауға шақыруда. Бұдан бөлек кент тіршілігін жандандыру бағытындағы тетіктер іске қосылды. Оның дәлелі ретінде шағын диодты лентамен жарықтандырылған демалыс орындарын айтуға болады.
Бұл жұмыстар үшін аудандық бюджеттен 9 миллион теңге қаржы бөлінген. Алдын ала істер мәресіне жеткен соң “Petta Group” серіктестігі абаттандыру жұмысын ұтып алды. Сәйкесінше «Мелиоратор мөлтек ауданындағы жаяу жүргіншілер жолына 20 арка орнатылды. Дәл осындай көрнекілік вокзал маңындағы Әйтеке би ескерткіші орналасқан баққа да қойылды. Бұл жаз мезгілінде кешкілік серуен құрған тұрғындардың көңіл-күйін көтеріп, түнгі Қазалыға әсемдік беретіні анық.
Сонымен қатар орталық алаң маңына Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай эмблема қойылған. Тағы 45 жалауша орталық көшелердің көзге алғаш түсетін тұстарына орнатылды. Жергілікті тұрғындар арасында «бес этаж» аталып кеткен тұрғын нысанына да көздің жауын алатын қазақы ою ілінген. Бұндай ауқымды істер өз жалғасын табады.
– Бұған дейін аудан белсенділерінің әлеуметтік желідегі жазбалары назарға алынып, олқылықтарды түзеуге көп мән бердік. Тұрғындармен етене жақын жұмыс жасау ісі де осы қарқында жалғасады.
Алдағы уақытта кент аумағындағы бірнеше автокөлік жолдарын жөндеу жоспарда бар. Оның ішінде Абай көшесі, Абай тұйығы, 4 кварталдағы 5 және 3 кварталдағы 2 көшені қалыпқа келтіру ісі қолға алынады. Сонымен бірге көпқабатты тұрғын үйлер ауласына қоғамдық әжетханалар тұрғызу үшін жоба-сметалық құжаттар жасалды. Бұл жұмыстар жыл аяғына дейін аяқталады деген ойдамыз.
Бұдан бөлек, бұқаралық спортпен айналысушылар санын арттыруға кент әкімшілігі де өзіндік үлес қосып келеміз. Биыл аудан бойынша салауатты өмір салтын ұстанушылар үлесі 30 проценттен асқанын білесіздер. Солай екен деп тоқмейлісуге де болмайды. Жақын уақытта 5 квартал аумағынан бірнеше ойын алаңы құрылысын бастаймыз.
Сөз соңында аудан тұрғындарын қазіргідей коронавирусқа байланысты туындаған сындарлы сәтте бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, ауызбіршілікте болуға шақырамын. Қазақ халқы осыған дейін қаншама дүрбелеңді бастан өткерді. Бұл сынақтан да сүрінбей өтіп, келешекте туған жерімізді, Отанымызды одан әрі дамытуға күш салатынымызға сенім мол, – дейді Қайрақбай Орынбасаров.

Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ