Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мәдениет үйінің құрылысы қашан аяқталады?

Мәдениет үйінің құрылысы қашан аяқталады?

Жыл өткен сайын аудан аумағы жаңа нысандармен толығып келеді. Оның ішінде тұрғын үйлер мен әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылысына көбірек көңіл бөлінуде. Балабақшалар мен білім ошақтары қайта жөндеуден өтіп, соның нәтижесінде бүгінде аудан төңірегінде апаттық жағдайдағы мектептер қалмады. Ал бірнеше жыл бұрын басталған 600 орындық мәдениет үйінің құрылысы аяқталуға жақын.
Жерілікті өнер майталмандары мен жұртшылықтың сұранысына сай жаңадан бой көтеріп жатқан мәдениет үйі құрылысының аяқалысымен былтыр да танысып қайтқан едік. Ол уақытта 2019 жылы бөлінген қаржыға сай жоғарғы қабаттың кірпіштері қаланып жатқан болатын. Биыл да жалпы құны 1 миллиардқа жуықтайтын нысан жұмысын жеңіп алған мердігер “ҚазҚұрылысСервис” серіктестігі биылға бөлінген 260 миллионнан астам қаржыны игеруге жұмыс жасауда.
Қазіргі таңда нысанның іргетасы нықтап қаланып, кірпіш қалау жұмыстары мәресіне жеткен. Сонымен бірге төбе шатыры жабылып, мәдениет ошағының беткелбетін ашатын терезелер де орналастырылған. Карантин режимі мұндағы жұмысқа біршама кедергі келтірсе де нысанның ішкі әрлеу және кафель жабыстыру жұмыстары, кәріз жүйесі, едені салынып бітті. Ендігі кезекте нысанның сыртқы бетіне травертин, жылу жүйесін орнату, көрермендер залын үйлестіру, сахнаның төбесіне армстронг салу және абаттандыру жұмыстары жүргізетін ­болады. Осы уақытқа дейін мердігер компания 20-ға жуық азаматты жұмыспен қамтып келе жатқанын да айта кеткен дұрыс.

Р.ҚАЙРАТҰЛЫ
10 қыркүйек 2020 ж. 1 109 0

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж. 111

Толымды тарту

04 қараша 2025 ж. 125

Мәңгілік мұраның мекені

04 қараша 2025 ж. 104

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930