Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Көкжиегі кеңейген кент

Көкжиегі кеңейген кент

Сәрсенбі күні аудандық оқушылар үйінде Әйтеке би кентінің әкімі Жарасхан Мұратбаев тұрғындар алдында есеп берді.
Соңғы уақытта аудан орталы­ғы – Әйтеке би кентінің ажары ай санап артып, күн санап көркейіп келеді. Бір ғана үш жүздің төбе билерінің бірі болған Әйтеке Байбекұлына орнатылған ең­селі ескерткіштің өзі неге тұрады? Амандық болса, тұғырына мінген тұлға қала мен кенттің екі аралығы қосылған кезде тұрғындарға қуаныш сыйлайтын сәулетті нысанға айналмақ. Бұл жұмыстар биыл да өз жалғасын таппақ.
Жиында аудан орталығының 2018 жылы әлеуметтік-экономика­лық дамуы және одан әрі негізгі дамыту міндеттері мен бағыты, тағы басқа мәселелер туралы кент басшысы жан-жақты тарқатып айтты.
Аудан орталығындағы өзекті мәсе­ленің бірі аяқсу жайы екендігі жасырын емес. Бұл туралы «Кенттің аяқсу мәселесі басты назарда. Өздеріңіз жақсы білесіздер көшелерді толық аяқсумен қамта­масыз ету көптен шеші­мін таппай келе жатқан мәселенің бірі. Бұған қарамастан уақытында бұрыннан қам­тылған көшелерге су апару және жаңа­дан арықтар қазу жұмыстарын жүргізу­деміз. Осы орайда сәуір айынан бастап көше­лерге аяқсу берілді. Аяқсу бармайтын көшелердегі тал ағаштары мотопомпалар мен су тасымалдайтын техникалар арқылы суарылды. 12100 метр аяқсу арықтары мен каналдар тазартылып, су жолдары ретке келтірілді. 14 көшеге су арықтары қазылды», – деді ол.
Азық-түлік қауіпсіздігін қамта­ма­сыз ету, ауылшаруашылық, кәсіпкерлік саласы, абаттандыру, тұрғындар қауіп­сіздігін және жол қозғалысы ережелерін сақтау, қоршаған ортаның тазалығын сақтау, халыққа жер учаскелерін беру тәртібі және кент көшелерін жарық­тандыру жайында атқарыл­ған жұмыс жайы да назардан тыс қалмады.
Сондай-ақ, өткен жылы облыстық бюджеттен 120 млн теңге бөлініп, кенттегі Қ.Ерімбет көшесі толық жөнделсе, Жетес би, Мағзаман әулие көшелеріне қаржы көлеміне сәйкес жөндеу жасалды. Биыл осы 2 көшенің жөндеу жұмыстарын толық аяқтау үшін облыстық бюджеттен 152 млн теңге берілді.
5 квартал аумағынан 5 көше /Абай тұйығы, Жастар, Жәмет жырау, Бей­бітшілік, Қ.Ерімбет тұйығы/ орташа жөндеуден өтті.
Әйтеке би кентінің 10 көше­сіне және Қазалы қаласының 10 көшесіне қайта жаңғырту жұмысын жүргізу үшін жоба-сметалық құжаттары әзірле­ніп, тізімі ҚР Ұлттық экономика министр­лігіне тапсырылды. Р.Бағланова көшесін қайта жаңғыртуға жоба-сметалық құжат­ы әзірленіп, республи­калық бюджетке ұсынылды.
Қазалы қаласы мен Әйтеке би кенті аралығын байланыстыратын автомобиль жолын 4 жолақты етіп, қайта жаңғырту үшін жоба-сметалық құжаты әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткізіледі.
Аудан әкімі Мұрат Нәлхожа­ұлы да атқарылған ауқымды істерге тоқталып, 2019 жылы шешімін күткен бірқатар түйткіл­дің түйіні тарқатылатынын тілге тиек етті.
Басқосуда аудандық полиция бөлім­шесінің бастығы Еркін Сағымбаев қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, аудан және кент тұрғындары арасында болған қылмыстылық деңгейін және оған қолданған тиісті шара жөнінде баян­дады.
Кент тұрғындарын толғандыр­ған мәселелердің дені – көшелерге жаяу жүргіншілер жолын салу, асфальт немесе қиыршық тас төсеу, жарықшам орнату, аяқсуды жеткізу жөнінде болды.
Жиынға Қызылорда облысы­ның құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Мұхамедиса Әлсеріков, облыстық және аудандық мәслихат депутаттары мен БАҚ өкіл­дері қатысты.
Жеңісбек АЙЫМҚҰЛОВ
29 қаңтар 2019 ж. 1 043 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930