Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімінің құттықтауы

Аудан әкімінің құттықтауы

Қадірлі қазалылықтар!
Жақында ғана Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен 10 тамыз – АБАЙ КҮНІ болып жарияланды. Бұл күн – ел тарихында өшпес із қалдырған ұлы ойшылымыздың рухын асқақтату үшін қолға алынған игі бастама.
Абай шығармашылығы қазақ халқының тұтас бір дәуірдегі ақыл-ойының, парасатының, мәдениеті мен әдебиетінің, өнерінің асқар шыңы іспетті.
Абай әлемі – қазақ әлемі. Алаштың алып темірқазығына айналған тұғырлы тұлғаның рухани келбеті бүгінде тұтас ұлт болмысын айшықтап тұр. Ендеше, Абайды жаңа ғасыр биігінде тану – рухани жаңғырудың басты һәм маңызды тірегі болуы тиіс.
Өткен жылы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен 2020 жыл Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтой жылы болып аталды.
Осыған орай Мемлекет басшысы «Абайды терең тануға баса мән бергеніміз жөн. Абайды тану – адамның өзін өзі тануы. Адамның өзін өзі тануы және үнемі дамып отыруы, ғылымға, білімге басымдық беруі – кемелдіктің көрінісі» деп ұлы ақынның 175 жылдық мерейтойын кемелдік пен парасат биігінде атап өтуге ерекше маңыз берген болатын.
Қасиетті Қазалы жерінде ұлы ақынның мерейтойына байланысты шаралар дүниені дүрліктірген дертке байланысты онлайн форматта өткізілді. Ұлы ойшылдың күні бүгінге дейін өзектілігін жоғалтпаған еңбектерін насихаттау жұмыстары алдағы уақытта жалғасын табатын болады.
Қымбатты жерлестер!
10 тамыз – Абай күні мерекесі баршаңызға құтты болсын!
«Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп!» деп жырлаған хакім Абай қазаққа ғана емес әлемге ортақ тұлға. Сондықтан Абай мұрасын насихаттау – қазақ әлемін, ұлттың рухани кеңістігін жаһанға танытудың маңызды һәм айтулы қадамы.
Ізгі ниетпен, Қазалы ауданының әкімі Мұрат Ергешбаев
"Қазалы" ақпарат
10 тамыз 2020 ж. 1 099 0

Қазақстанда күз қалай өтеді?

03 қыркүйек 2025 ж. 144

Қауіпке қарсы қам

03 қыркүйек 2025 ж. 200

Қағылды алғашқы қоңырау

03 қыркүйек 2025 ж. 169

Өгей өмір

03 қыркүйек 2025 ж. 148

Аяқдоп арманға жеткізді

03 қыркүйек 2025 ж. 163

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930