Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ақын мұрасы – болашаққа бағдаршам

Ақын мұрасы – болашаққа бағдаршам

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы ­ бүгінгі Қазақстан жағдайындағы дамудың рухани һәм мәдени-әлеуметтік тұстарына ерекше ықпалын тигізеді. Сөйтіп елдегі рухани жаңғыруды сабақтастыра түсетін жаңа бір серпіліс пайда болатынына бүкіл қазақстандықтар мен халықаралық саясаттанушылар жүрекжарды пікірлерін жеткізуде.

Абай мұраларын зерделеп, терең ұғыну – ұрпақ санасын, одан әрі қоғам санасын жаңғырта түседі. Себебі Ұлы ақынның әрбір өлеңдері мен қара сөздерінің түпкі мақсаты ұлттық тәлім-тәрбиенің арқауын нығайтуға бағытталған.
Мемлекет басшысы бұл мақаланы көптің назарына ұсына отырып: «Ақын шығармаларынан халқымыз қандай тағылым алуға тиіс екендігі жөнінде жұртшылықпен ой бөліскім келеді» дейді. Сөйте келе «Ұлттық болымыстың үлгісі», «Мемлекет ісінің мүддесі», «Жаңа қоғамның жанашыры», «Әлемдік мәдениеттің тұлғасы» деген тақырыпшалармен осыдан ғасырдан астам уақыт бұрын қара қазақтың ұлттың бірлігін сақтауға, «толық адам» болмай әлеуетті қоғам болмайтынына, «Алланың өзі де рас, сөзі де рас. Рас сөз ешуақытта жалған болмас» деп «Кәміл мұсылман» ұғымын жеріне жеткізе айтып кеткен Ұлы Абайды зерделей оқуға, оны ұғына түсуге баршаны шақырған.
Сондықтан Қазалы ауданында жұмыс істейтін «ШДАМ» қоғамдық бірлестігі отбасы құндылықтарын жүйелеп, «Отбасы мектебін» қалыптастыруға биылғы «Еріктілер жылында» еркін кірісіп, аудан мектептеріндегі ата-аналар университеттерінде білім бөлімі бекіткен кестемен «Шеберлік сағаттарын» жүйелі түрде өткіземіз.
Ел Президентінің ұлт данагөйі Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойы үстінде алға қойған мерейлі міндеттерін жүзеге асыруға белсене атсалыса береміз.
Шарафадин АЛТЫНБАЙҰЛЫ,
Қазалы ауданының Құрметті азаматы,
«ШДАМ» қоғамдық бірлестігінің төрағасы
01 ақпан 2020 ж. 1 292 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930