Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Абай – ұлт руханиятының темірқазығы

Абай – ұлт руханиятының темірқазығы

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан” атты мақаласы қазақ халқының ұлы перзенті Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы қарсаңында шығуы тегін емес. Бұл бар болмысымен барша жұртты білім-ғылым жолына үндеп өткен ақынның өмір жолы, шығармашылығы арқылы жаңа қоғамды тәрбиелеу үшін жасалған нақты қадам. 2019 жылы әлеуметтік желіде ұлы ақынның өлеңдерінен үзінді оқу челленджі ұйымдастырылған болатын. Президенттің өзі қатысқан көпшілік жыр оқу эстафетасы барысында қазақ халқы тағы бір мәрте философиялық мағынаға ие ақын өлеңдерімен сусындады.

Абай – ұлт руханиятының темірқазығы, бас­тау бұлағы екені баршаға мәлім. Осы орайда Президент те өз мақаласының әрбір тарауын Абаймен ұштастырып, ақын өлеңдерінде суреттелген ұлттық код, қазақы болмысты мысалға ала отырып, бір жылға ұласатын торқалы тойдан ұтар тұсымызды ашып жазған.

“Абай бізге нені аманаттады? Абай бізден нені талап етті? Абай бізден нені күтіп еді? Абай елдің қай ісіне сүйініп еді? Сол сүйінген ісінен үйрене алдық па? Абай қазақтың қай ісіне күйініп еді? Сол күйінген ісінен жирене алдық па?”, – деп қоғамға ашық сауал қойып, сол сұрақтың жауабын іздеуді барша жұрттың есіне салады.

Мемлекет басшысының сана зердесінен өткен толымды толғанысында қоғамдық өмірдің бірқатар өзекті мәселелері ашық айтылған. Барлық тарапты қамтыған мақаламен танысқан біздің ендігі міндетіміз – ұлт ұстазының айтулы тойына белсене атсалысып, өз дәрежесінде өтуі үшін қолдау көрсету болып табылады.

Индира НАЗАРОВА,
аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры
14 қаңтар 2020 ж. 1 123 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031