Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Шығармаларының тағылымы терең

Шығармаларының тағылымы терең

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» мақаласында ұлы ойшылдың мұрасы арқылы жас ұрпақты өз мәдениетін, тілін, дінін құрметтеуге шақырды. Абайды тану арқылы әрбір адам толық қазақ халқының мәдениеті мен тұрмысын кеңінен білуге зор мүмкіндік алады.

1995 жылы мен 11 сыныпта оқып жүрдім. Сонда ЮНЕСКО ұйымы Абайдың 150 жылдығына сәйкес «Абай жылын» жариялады. Біздің мектеп директоры Людмила Дубровинаның басшылығымен түрлі іс-шаралар өткізілді. Сол арқылы ұлы ақын Абай Құнанбайұлының өмірі және шығармашылығымен жақын таныстым. Онда қазақ әдебиеті туралы жастар аз білетін. Қазір заман өзгерді. Мемлекет тәуелсіздігін алғаннан кейін, өткен ғасырдағы қазақтың белгілі ақын-жазушыларының шығармаларын оқыту жоғары деңгейге көтерілді.
Қазіргі таңда еліміздің барлық оқу орындарында, мәдени ошақтарында жыл сайын Абайға арналған халықаралық және республикалық конференциялар, «Абай оқулары» атты көркемсөз оқу байқаулары өткізіледі. Мысалы, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы «Абай оқулары» деп аталатын сайысты әлеуметтік желі арқылы жүргізуді дәстүрге айналдырған. Оның еңбегі бүкіл әлемге танымал. Қазақстанның зиялы қауым өкілдерінен бастау алып, жалғасын тапқан Абай өлеңдерінен үзінді оқу челенджі Еуропа, Азия, сондай-ақ Америка елдерінде қолдау тапты.
Абай шығармалары – халықтың баға жетпес мұрасы. Үстіміздегі жылы республика көлемінде Абайдың туғанына 175 жыл толуына орай, Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен 500-ден астам халықаралық, ұлттық және ауданаралық деңгейдегі шаралар жоспарланып отыр. Ақынның өлеңдері мен қара сөздері 10 елдің тіліне аударылады. Сонымен қатар Абай туралы бірнеше деректі фильм және телесериал түсіріледі. Тағы бір жаңалық, шетелдегі елшіліктер жанынан Абай орталықтары ашылмақшы. Бұл өскелең ұрпақ пен жер шарына Абайды және оның шығармаларын танытуға зор мүмкіндік берер тағылымды жол болмақ.
Жанар КИБЕКБАЕВА,
Қазалы аграрлы-техникалық колледж директорының
оқу жұмыстары жөніндегі орынбасары
01 ақпан 2020 ж. 1 534 0

Дубайда жеңімпаз атанды

14 қаңтар 2025 ж. 59

Есірткі туралы ертегі

14 қаңтар 2025 ж. 93

Жақсы өнер – жігіт ырысы

14 қаңтар 2025 ж. 70

Алтынай алар асу көп

14 қаңтар 2025 ж. 65

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031