Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ақын шығармаларының алғашқы жинағы

Ақын шығармаларының алғашқы жинағы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында «Әлемдік мәдениетте Абайды қаншалықты жоғары дәрежеде таныта алсақ, ұлтымыздың да мерейін соншалықты асқақтата түсеміз. Бүгінгі жаһандану дәуірінде, ақпараттық технологиялар заманында Абай сөзі баршаға ой салуы тиіс» деп айрықша атап өтті.
Шындығында да Ұлы Абай – мыңжылдықтарда сирек кездесетін, адамзаттың ақыл-ойындағы өлшеуі шексіз парасаттылықты иеленген ерекше тұлға.
Абай қазақ халқының сүйікті ұлы, себебі, ол өз тілімен айтқанда, әкенің баласы емес, халықтың баласы болған. Туған ұлты қазақты сүйе отырып, барлық халық еңбекшілерін бауыр көрген, гуманист жан. Осындай кемеңгердің 175 жылдығы биыл кең көлемде аталып өтуде.
Абай сөздері ешқашан да ескірмейді. Ол болашаққа да қызмет етеді. Бізді әрқашан рухани тұрғыдан байытатын, кемелдендіретін Абай тағылымы мен өсиеті.
Абай Құнанбаев шығармаларының алғашқы толық жинағы ақынның 100 жылдық мерейтойы қарсаңында 1948 жылы Алматы қаласындағы Қазақтың біріккен мемлекеттік баспасынан «Абай Құнанбаев шығармаларының толық жинағы» деген атпен он мың данамен басылып, жарық көрген.
Бұл күндері осы кітаптың бір данасы Қазалы аудандық тарихи-өлкетану музейінде сақтаулы. Аталмыш кітапты музейге Алматы қаласының тұрғыны, жерлесіміз, дәрігер Қыдырәлі Жалдыбаев 2008 жылдың қараша айында тапсырған. Рухани қазына Қыдырәлінің әкесі Ашықбай Жалдыбаевтан қалған екен. Ғасырға жуық тарихы бар жәдігердің беттері сарғайса да, ішіндегі құнды сөздері бүгінгі ұрпаққа өшпес мұра болары сөзсіз.
Жанат ТІЛЕУҚАБЫЛ,
Қазалы аудандық тарихи-өлкетану
музейі филиалының ғылыми қызметкері
29 ақпан 2020 ж. 991 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 81

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930