Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Саябақтың сәні артпақ

Саябақтың сәні артпақ

Талай жылғы тарихы бар Қазалы қаласының ажарын айшықтай түсу үшін жыл сайын түрлі шаралар атқарылады. Биыл да біршама жұмыстар қолға алынды. Осы орайда «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында республикалық және облыстық бюджеттен Қазалы қаласы ­бойынша 3 жобаға 460,1 мың теңге қаржы бөлінді. Әкімдік қызметкерлерінің ­айтуынша, барлық жұмыстар басталып ­кеткен. Көпшілігі 60 процентке бітіп те тұр.
Ол ақшаға Қазалы қаласының 8 көшесі сәулеттендіріліп, тротуарлар ­орнатылады. Қорқыт ата көшесінің бойында орналасқан Ғани Мұратбаев атындағы саябақ ­абаттандырылып, қалалық мәдениет үйіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Қала әкімдігінің мамандары берген мәліметке сүйенсек, қазір барлық жобалар бойынша мемлекеттік сатып алу процедуралары өткізіліп, мердігерлер анықталған. Тиісті келісімге сәйкес осы жобалар бойынша жұмыссыз ретінде тіркелген 60 адам еңбекке тартылды. Анығын айтқанда қаладағы Жанқожа батыр, Жалаңтөс баһадүр, Қорқыт ата, Құрманғазы Сағырбайұлы, Б.Мергенбаев, Қазалы, Ж.Жабаев, Ү.Түктібаев көшелерінің екі бетіне бордюрлер ­орнатылып, ­брусчатка төселеді. Бұл жұмыстарды мердігер ­мекемелер – ­«Намыс-Құрылыс», «­Жылу-XXI», «Болашақ», «Қазалы Строй сервис» ЖШС жүргізуде.
Қорқыт ата көшесінің бойында орналасқан Ғ.Мұратбаев атындағы саябақты абаттандыруды «Сыр Маржаны и К» серіктестігі қолға алған. Қазір бұнда да қызу құрылыс атқарылуда. Мердігер ­мекеме басшысының айтуынша, саябақтың сырты жаңадан темір қоршаумен қоршалып ішіне брусчатка төселеді, түнгі жарықшамдар орнатылып, урналар қойылады. Орындықтар орналасып, жиектеріне темір бетонды лотоктар ­салынып, қақпалар жаңадан ­ауыстырылады. Саябақ ішіндегі Қ.Ерімбет ескерткішінің сыртындағы күмездің астынғы беткейіне жаңадан плита төселеді және тағы басқа да жұмыстар жүргізіледі.
– Мен тұратын Абай көшесін арнайы машиналар келіп, тегістеп, тас төседі. Тағы да жөндеу жұмыстары жалғасатын көрінеді. Жаңбыр жауса, қар ерісе, көше лайланып, батпақтан аяқ алып жүру қиындайтын. Енді бұл мәселе туындамайды деп ойлаймын, – дейді Е.Ұзақбайұлы.
Қала тұрғыны С.Мусаев: «Саябақ – қаладағы көрікті демалыс орындарының бірі. Оған келушілер қатарында үлкендер де, ­жастар да бар. Әсіресе немерелерін жетектеген ата-әжелерді жиі жолықтырамыз. Олар таза ауада тыныс алып, замандастарымен әңгіме-дүкен құрады. ­Жасыл желегі жайқалған бақтың қоршауы ескіріп, орындықтар да жөндеуді қажет етіп тұрған еді. Естуімше, бірнеше жұмыс жасалады екен. Жаңарып, сырланатындығы көңіл қуантады. Халық игілігі үшін жасалып жатқан жарқын істі бағалап, таза ұстау әрбіріміздің міндетіміз» – дейді.
Байқағанымыздай бұндағы құрылыс қарқынды, толық аяқталған шақта тұрғындар мен қала қонақтары сәні артқан саябақта серуендемек.
Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА
16 шілде 2020 ж. 819 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031