Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Шежірелі белес

Шежірелі белес


Тұңғыш Президент күніне орай Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Ел тірегі – Елбасы» атты кітап көрмесінің ашылу салтанаты өтті. Оған зиялы қауым өкілдері, белгілі спортшылар, ҚР Ұлттық Ұландар «Оңтүстік» 5547 бөлімшесінің сарбаздары, облыстық қорғаныс істер жөніндегі департамент мамандары, жастар мен БАҚ өкілдері қатысты.
Көрме «Ұшқан ұя ұлағаты», «Теміртау – алтын бесік», «Тәуелсіздік табалдырығында», «Конституция – елдігіміздің еңсесі», «Нұрлы жол», «Астана – Тәуелсіздік жемісі» және «Астана – елдік ерлігі» атты бөлімнен тұрды. Сонымен бірге көрмеде Елбасының балалық шағы, оқушы және студенттік кезі, алғашқы еңбек жолы мен атқарған түрлі қызметтері кезең-кезеңімен қамтылды. Жалпы, шараға 750-ден астам әдебиет, мерзімді басылымдар бетінде жарық көрген мақалалар мен суреттер де қойылды.
Жиында Қорқыт ата атындағы ҚМУ профессоры Қазыбай Құдайбергенов, ҚР Ұлттық Ұландар «Оңтүстік» 5547 әскери бөлімі рота командирінің орынбасары Захиддин Бабанов, Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, ҚР халықаралық деңгейдегі спорт шебері Әйгерім Жалғасова, «Сыр дидары» газетінің бас редакторы Сәкен Алдашбаев өз ойларымен бөлісті. Облыстық филармония әншілері өнер көрсетті.
http://syrboyi.kz
05 желтоқсан 2017 ж. 1 810 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031