Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 3D кинотеатр ашылды

3D кинотеатр ашылды

Бейсенбі күні  кентте жаңа кинотеатрдың ашылу салтанаты өтті. 266 мектептің жанынан, Счастнов көшесінде бой көтерген ғимараттың ашылуына аудан тұрғындары қатысты. Жергілікті жұртшылыққа мұндай сыйлықты жас кәсіпкер Нұрғиса Сәрсенәли жасап отыр.
"Smile" деп аталатын бұл кешеннің екінші қабатында жылдам тамақтануға арналған кең әрі жайлы асхана орналасқан. Мұнда көптеген тамақ түрлерімен қатар пицца, кәуап сияқты фастфуд өнімдері даярланады. Ал, төменгі қабатта күту залы қарастырылған. Мұнда да жайлы отырыс үшін жақсы жабдықтар жасақталған.
Кинозал 41 адамға арналып, фильмдерді 3D форматында көру үшін арнайы көзілдіріктермен қамтылған. Сонымен қатар ғимарат пен жас ерекшеліктеріне қарай қазіргі киноиндустрия саласының жаңа техникалық мүмкіндіктеріне сай жабдықталған.
"Бізге, кәсіпкерлерге, барынша қолдау көрсетіп, осы саланың дамуына жағдай жасап, нәтижесінде халықтың арзан әрі сапалы тауарлар мен қызметке қол жеткізіп отырғаны Елбасының ерен еңбегі деп білемін. Сонымен қатар, қолдап, қолғабыс жасаған аудан әкімі М.Ергешбаевқа алғысымды білдіргім келеді",– дейді кәсіпкер Нұрғиса Серікұлы.
Аудан әкімінің халықпен есептік кездесуінде берген мәліметтеріне сүйенсек, кәсіпкерлерге субсидия беру, арнайы грант арқылы қаржыландыру жалғасын тауып, 12 жоба субсидияланған. 5 кәсіпкерге 6 млн. теңге қайтарымсыз негізде грант берілген. Сонымен қатар, «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы негізінде 100-ге жуық жоба қаржыландырылған екен. Бұл дегеніміз, ауданымыздың өзінде кәсіпкерлерге қандай мүмкіндіктер жасалып отырғандығын көрсетсе керек.
Кино орталығының ашылуына келген көрермендер де қуаныштарын жасыра алмады. №249 мектептің информатика пәні мұғалімі Мейірман Меңдібаев: "Сүйікті ауданымызда  жаңа кинотеатрдың ашылғанына өте қуаныштымын. Енді кино көру үшін Қызылордаға арнайы барудың қажеті жоқ. Тіпті 3D форматында көруге де мүмкіндік бар. Бұл кинотеатр кең сұранысқа ие болып, жергілікті халықтың жиі бас сұғатын демалыс орнына айналады деген ойдамын",– дейді өз әсерімен бөлісіп.
Айта кетейік, ауданымызда бұрын соңды "Наурыз" атты жалғыз кинотеатр болған. Ол өткен ғасырда, яғни, 1970 жылы салынған. Аталмыш кинотеатр 2006 жылы белгілі себептермен жабылып қалған. Ал, жаңадан бой көтерген кинотеатр бұл кәсіпкежаңа серпіліс жасайды деген ойдамыз.
Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ.
02 ақпан 2018 ж. 2 094 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930