Ақтан батыр ауылында жаңа монша ашылды
Бүгін Қазалы ауданындағы Ақтан батыр ауылында қоғамдық монша және шаштараз қызметін көрсететін кешен пайдалануға берілді Нысанның ашылуына аудан әкімі Мұрат Ергешбаев арнайы қатысып, ауыл тұрғындарын жаңа ғимараттың ашылуымен құттықтады.
Ауылдағы жас кәсіпкер Еркін Серікбаев биыл «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасының екінші бағыты «Бастау-Бизнес» жобасы аясында оқып, кәсіпкерлік саласындағы білімін жетілдірген. Жобасы сәтті шыққан ол Қызылорда "Өңірлік Инвестициялық орталығы Микро қаржылық ұйымы" арқылы 5 миллион теңге несиеге қол жеткізді. Еркін кәсіп ашу арқылы екі адамды жұмыспен қамтып отыр. Нысанда азық-түлік дүкені, шаштараз, қоғамдық монша орналасқан.
Еркін Әзілханұлы Қазалы кәсіптік-техникалық колледжінің "Жол құрылысы" мамандығы бойынша бітірген. Алайда кәсіпкерлікке қарай бет бұрғанына өкінбейді. Талабы таудай жас кәсіп ашам деген ниетіне мемлекеттің көрсеткен қолдауына дән риза. Енді Еркін тек еңбек етуді көздейді.