Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауданда жаңа супермаркет ашылды

Ауданда жаңа супермаркет ашылды

Жұма күні Қазалы ауданында «ARZAN MARKET PHARM» супермаркетінің ашылу салтанаты болып өтті. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай жұмысын бастап отырған супермаркеттің ашылуына аудан әкімі Мұрат Ергешбаев қатысты.
Әкім өз сөзінде аудан жастарына осындай еңбекқор кәсіпкерден үлгі алу керектігін айтты. Жеке кәсіпкер мен оның ұжымына сәттілік тілеп, ашылып отырған нысанның саудасын алғашқы болып өзі жасады. Ал, сатып алған тәттілерін «Шапағат» сауықтыру орталығының балаларына табыстады.
Супермаркетте азық – түлік өнімдерімен бірге дәріхана да орналасқан. Тәулігіне 24 сағат бойы жұмыс жасайтын бұл сауда орталығының бір ерекшелігі, мұнда спирттік ішімдіктер мен шылым сатылмайды. Онымен қоса, зейнеткерлерге, мүмкіндігі шектеулі жандар мен ауған соғысының ардагерлеріне 3 пайыздық жеңілдік қарастырылған. Ал әрбір 1000-шы чектің иесіне сатып алған заттары тегін берілетін көрінеді.
Супермаркеттің негізін қалап отырған кәсіпкер Болат Абыраев 45 аудан тұрғынын жұмыспен қамтып отыр.
Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ
01 желтоқсан 2017 ж. 3 021 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930