Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалыда құқық қорғау қызметтері орталығы ашылды

Қазалыда құқық қорғау қызметтері орталығы ашылды

Бүгін Қазалы ауданында Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын орындау барысында азаматтардың өтініштерін қарау жұмысын сапалы деңгейге көтеру үшін Құқық қорғау қызметтері орталығы ашылды. Мақсат - мемлекеттік қызметке және құқық қорғау органдарына деген халықтың сенімін күшейту, ашықтықты қамтамасыз ету. 
Орталықтың ашылу салтанатына аудан әкімі Мұрат Ергешбаев, Қызылорда облысы прокурорының орынбасары Жасұлан Еламанов қатысты.
Мұнда тұрғындар «бір терезе» қағидаты бойынша прокуратура, Ішкі істер органдары, Әділет департаменті, қорғаушылар мен медиаторлардан тегін кеңес ала алады. 
Заманауи орталықты ашу үшін жергілікті бюджеттен 5 млн.теңге қаржы бөлініп, ғимарат арнайы орындармен және толықтай электронды жүйемен қамтамасыз етілген.
29 қараша 2017 ж. 2 477 0

Сақ патшайымы – Зарина

11 қазан 2024 ж. 82

Баба рухы ардақталды

10 қазан 2024 ж. 143

Талғардағы трагедия

10 қазан 2024 ж. 146

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031