Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров жұмыс сапарымен Қазалыға келді

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров жұмыс сапарымен Қазалыға келді

Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Қазалыға сапары барысында «РЗА» АҚ-ның 660 бас мүйізді ірі қараға арналған сүт-тауарлы кешені және 30 мың тонна сүт өнімдерін қайта өңдеу зауытының жұмысымен танысты.

Алдымен құрметті қонақтар сүт-тауарлы кешенінің өндірістік жұмысымен танысып, автоматты түрде ұйымдастырылған сауу процесін көрді. Мұнан соң олар ат басын сүт зауытына бұрып, сүт өнімдерін қайта өңдеу, сақтау және тасымалдауды ұйымдастыру жұмыстарына куә болды.

Елімізге белгілі кәсіпкер, «РЗА» акционерлік қоғамының президенті Самұрат Имандосовтың айтуынша 660 бас мүйізді ірі қараға арналған сүт-тауарлы кешені мен 30 мың тонна сүт өнімдерін қайта өңдеу зауыты 2010 жылы пайдалануға берілген. Мұнда «Дәмді» сауда маркасымен пастерленген, ультрапастерленген сүт, айран, қаймақ, ірімшік, сары май, сыр сияқты өнімдер шығарылады. Алдағы уақытта дәл осындай маркамен йогурт, майлы айран, сүзбе ірімшік және балмұздақ шығару жоспарда бар.

Барлық өнімдер облыс аумағында қолайлы бағамен сатылады және жергілікті нарықта айтарлықтай үлесі бар. Сондай-ақ, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарына өнімдерді жеткізу сәтті жолға қойылған.

Іссапар аясында "РЗА" АҚ басшысы Самұрат Имандосов ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровқа біздің өңірде мал шаруашылығын дамыту бағытындағы түйткілді мәселелерді тілге тиек етіп, олардың оңтайлы шешілуіне ықпал жасауын сұрады.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровтың ауданымызға жұмыс сапары барысында Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев бірге болды.
03 маусым 2019 ж. 1 967 0

Киелі мекен - Жанкент

19 сәуір 2024 ж. 8

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930