Облыс әкімінің орынбасары Қазалы ауданына жұмыс сапарымен келді
Облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлейменов Қазалы ауданына жұмыс сапарымен келді. Сондай-ақ Қызылорда облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы М.Усайн, Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары басқармасының басшысы Е.Әбдіқалықов, Қызылорда облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы М.Әлсеріков, Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы А.Шаменов, «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ басқарма төрағасы М.Кәрімбаевтар ауданымыздың тыныс-тіршілігімен танысу мақсатында аймағымызға ат басын бұрды.
Сапар барысында С.Сүлейменов Әйтеке би кентінен салынатын 18 пәтерлік 6 жалдамалы көп қабатты тұрғын үйдің құрылыс алаңының және «Қазалы-Керуен» ЖШС-нің көлік, сауда логистикалық орталығының жұмысымен танысты. Қыс-көктем мезгілдеріндегі болуы ықтимал су тасқыны салдарынан болатын табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында Сырдария өзенінің бойындағы қорғаныс бөгеттеріне жүргізіліп жатырған қалпына келтіру және нығайту жұмыстарымен, сондай-ақ Абай елді мекенінің жанындағы қалқымалы көпірге баратын жол мен қалқымалы көпірге жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстарының барысын бақылады. Аудандағы әлеуметтік нысандардың жылу беру маусымына дайындығын қадағалап, көмір қоймаларындағы қатты отынның қорын, бағасынан хабардар болды. Сондай-ақ, Счастнов көшесіндегі 13 көп қабатты тұрғын үйдің сыртын әрлеу, абаттандыру жұмысымен танысты. Осы ретте аталмыш аумаққа мердігер «ГазСтрой» ЖШС-інің жылу жүйелерін өз қаражаттары арқылы жүргізілгені де айта кетуіміз керек.
Ауданға жұмыс сапарымен келген облыс әкімінің орынбасары С.Сүлейменов аудан көлеміндегі атқарылған жұмыстармен толықтай танысып, өзінің оң бағасын берді.