Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан 6 сәуірде Халықаралық спорт күнін атап өтеді

Қазақстан 6 сәуірде Халықаралық спорт күнін атап өтеді

6 сәуір БҰҰ Бас Ассамблеясының 2013 жылғы қарарымен бейбітшілікті сақтау жолында Халықаралық спорт күні ретінде бекітілді.
Қарарға: Қазақстан, Беларусь, Грузия, Македония, Ресей, Румыния және Сербия демеушілік жасады. Бастама көтергендер Спорт күні 23 маусымда тойланатын Халықаралық Олимпиада күнін толықтыра түседі деп сенді.
Азия бокс конфедерациясы осы мереке жайлы Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығының вице-президенті, Азия бокс конфедерациясының президенті Серік Қонақбаевпен сұхбаттасты. «Биыл әлемдік спорт қоғамдастығы бейбітшілікке қызмет ететін Халықаралық спорт күнін бесінші рет тойлағалы отыр. Мерекенің аты да спорттың әлем елдері мен халықтарын біріктірудегі орасан рөлін аңғартады. Бұған айқын дәлел ретінде Солтүстік және Оңтүстік Корея арасындағы жағдайды келтіруге болады. Екі мемлекет арасындағы қатынастардың жақсаруы Пхенчхандағы Олимпиада қарсаңында басталды, бұл корей түбегіндегі шиеленісті реттеуге бағытталған батыл қадам болды. Өз басым ең болмағанда Олимпиада ойындары кезінде әскери қақтығыстардың тоқтағанын қалаймын. Оны біз ойлап тапқан жоқпыз. Бұл - Олимпиада ойындарының философиясы», - дейді Серік Қонақбаев.
Халықаралық спорт күні ретінде 6 сәуірдің таңдалуы кездейсоқ емес. Алғашқы Олимпиада ойындары 1986 жылы 6 сәуірде басталып, 15 сәуірге дейін жалғасқан болатын. «Осы мейрамды әлемдегі көптеген елдер атап өтеді. Қазақстан БҰҰ-ның осы қарарын ең алғашқ қолдаған елдердің бірі болуы да тегін емес. Өйткені біздің елде спортқа ерекше мән беріледі. Мемлекет басшысы біздің спортшылардың алдыңғы қатардағы жанкүйері десек қателеспейміз. БҰҰ мен ХОК бірге көтерген осы бастама жер бетіндегі халықтарды барынша спортқа жұмылдыруға қосымша күш пен мүмкіндіктер береді», - деп ойын түйіндеді Серік Қонақбаев.
inform.kz

05 сәуір 2018 ж. 3 220 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 103

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930