Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жеңісбектің жеңісі

Жеңісбектің жеңісі

Ер намысымен қатар ел намысы сынға түсетін байрақты бәсекелерде спортшылардың бойындағы жауапкершілік салмағы да арта түсетіні анық. Сондықтан олар тек жеңісте ғана емес, жеңілісте де шыңдала түседі. Осындай өршіл намысты спортшылар қатарында дзюдодан Қазақстанның 5 дүркін чемпионы, жастар арасындағы Азия чемпионы, Қазақстан Республикасының спорт шебері, жалағаштық жас өрен Жақсыбек Жеңісбектің есімі ерекше аталып жүр.
Ол оқушы кезінен бастап аудандағы балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде дзюдо үйірмесіне қатысып, жаттықтырушысы Арман Молдаханнан мол тәлім алып, жанына жақын спорттың қыр-сырына қанықты. Алматы қаласындағы Қ.Ахметов атындағы республикалық спортқа дайындайтын дарынды балалар мектебінде, одан әрі спорт колледжінде оқып, арнайы білім алды. Бүгінде Алматы спорт және туризм академиясының студенті.
Қазақта «Күш атасын танымас» деген сөз бар. Жастайынан жаттыққан Жеңісбек те республикалық, халықаралық жарыстарда талай мәрте бағын сынап, тартысты кездесулерде мықтылығын мойындатып келеді.
Сонау 2012 жылы Ресей федерациясының Якутск қаласында өткен бүкіл әлемдік балалар Азия ойындарында I орын және Германияның Бремень қаласында өткен дзюдодан халықаралық турнирде III орын, 2013 жылы Семей қаласында өткен 1996-1997 жылы туылған жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында III орын, осы жас аралығында Алматы қаласында өткен ашық республикалық турнирде I орын, 2014 жылы Тараз қаласында 1994-1995 жылы туған жастар арасында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатында I орын, 2014 жылы Германияда өткен “International Masters Bremen” Европа кубогында II орын, 2014 жылғы Санкт-Петербургте өткен жастар арасындағы Европа кубогында I орын жеңіп алып, алтыннан алқа тақты. Сондай-ақ, 2015 жылы Атырау қаласында өткен жастар арасында Қазақстан чемпионатында дзюдодан I орынды иеленді. 2017 жылы Чехия, Германияда өткен чемпионат жеңімпазы. Индия Кочи қаласында өткен Азия чемпионатының чемпионы.
Жас спортшы Жақсыбек Жеңісбек бүгінде Европа Кубогының 6 дүркін, Азия чемпионатының 3 дүркін чемпионы. Сондай-ақ, Әлем чемпионатына 3 мәрте қатысып, бақ сынады.
Ол биылғы жылғы жарыстарын да жеңіспен бастады. Айталық, жуырда ол Ақтөбе қаласында Қазақстан Республикасының ересектер арасында өткен чемпионатына қатысып, жүлделі І орынды иеленді.
Кәдуілгі спортшылар секілді Жеңісбектің бойынан да өз-өзіне деген сенімділік байқалады. Олай болса, оның әлі-ақ әлемдік сайыстарда топ жаратынына сенуге болады.
Ғ.ӘБІЛДА.
04 сәуір 2018 ж. 1 502 0

Киелі мекен - Жанкент

19 сәуір 2024 ж. 37

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930