Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әуесқой бокс Олимпиада бағдарламасынан алынып тасталуы мүмкін

Әуесқой бокс Олимпиада бағдарламасынан алынып тасталуы мүмкін

Халықаралақ Олимпиада комитеті (ХОК) 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындарының бағдарламасынан әуесқой боксты алып тастауы мүмкін. Мұндай шешімді ХОК отырысынан кейін комитеттің президенті Томас Бах айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
"Бокс 2020 жылғы Олимпиада ойындарының бағдарламасына енбеуі мүмкін. Біз әлі де боксты 2020 жылғы жастар арасындағы Олимпиада ойындары мен Токиодағы Олимпиада ойындарының бағдарламасынан алып тастау туралы мәселені қарастырамыз", - деп келтіреді Бахтың сөзін "Р-Спорт" порталы.
Сонымен қатар Бах Халықаралық бокс ассоциясында (AIBA) проблема көп екенін айтты. Нақтырақ айтсақ, басты мәселе - Олимпиада ойындарындағы төрешілер. Оның айтуынша, 2016 жылы Риода өткен Олимпиадада екі жекпе-жек күмән келтіреді.
Оның бірін ресейлік Евгений Тищенко финалда қазақстандық Василий Левитті жеңген кездесу болса, екіншісі тағы бір ресейлік боксшы Владимир Никитен мен ирландиялық Майл Конлан арасындағы кездесу.
"Біз AIBA әділдігіне уайымдап отырмыз. Біз ХОК-тың этика жөніндегі басшысынан есеп алдық. Сондай-ақ ұйымның спорттық директорының да есебін көрдік. Оның қорытындысы бойынша, желтоқсан айында AIBA-ны қаржыландыруды уақытша тоқтату шешімін күшінде қалдыратын болып шештік.
МОК-тың атқарушы комитеті AIBA-ның басқармасы, қаржысы, төрешілері және допингке қарсы күресіне көңілдері толмайды. Сол үшін де МОК боксты Буэнос-Айресте өтетін жастар арасындағы Олимпиададан және 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындарына қатыстырмау туралы шешім қабылдауға толық мүмкіндігі бар.
"Бұған дейін AIBA бізге күмән келтірген жекпе-жектер туралы есеп берген болатын. Желтоқсан айында шығарған шешімнің басты себебі - төрешілер болып еді. Сондықтан біз көбірек көбірек ақпарат беруді сұрадық. Олимпиадада тіркелген нәтижелердің барлығы да әділ екеніне көзімізді жеткізгіміз келеді", - деп келтіреді Бахтың сөзін "СЭ" басылымына insidethegames.biz порталына сілтеме жасап.
Еске салайық, 2016 жылғы Олимпиада ойындарының финалында Левит төрешілердің бір ауыздан шығарған шешімі бойынша Тищенкодан жеңілген еді. Бірақ жекпе-жектен кейін жанкүйерлер төрешілердің шешіміне наразылығын білдірді.
Өткен жылдың соңында Халықаралық әуесқой бокс федерациясының (AIBA) президенттік қызметін 11 жыл атқарып келген Чинг-Куо Ву қызметінен босатылды. Оған себеп парақорлық және ұйым өкілдерінің тарапынан тағылған бірнеше айып болды. Қазіргі уақытта AIBA президенті қызметін уақытша Орталық барлау бюросының бақылауында жүрген өзбекстандық азамат Гафур Рахимов атқаруда.
Baq.kz
05 ақпан 2018 ж. 1 625 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 74

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 69

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930