Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жүз жылдық мерей

Жүз жылдық мерей

Өткен аптада Жанқожа батыр атындағы №70 мектептің 100 жылдығы қарсаңында аудандық мұғалімдер арасындағы шахмат және волейболдан спорттық жарыс өтті. Оған №170, 70, 165, 216, 204 мектептері мен №249, 266 мектеп-лицейінің ұстаздары қатысып, өзара бақ сынасты.
Ғасырлық тарихы бар білім ордасының турниріне осында оқыған аудандағы бірқатар азамат демеушілік жасаған. Сондай-ақ, қазақи әдеппен Ұлыстың ұлы күніне орай бата алу мақсатында мектеп ардагерлері құрметпен шақырылды. Мол мәзірлі дастарханға жайғасқан қонақтар мен жарысқа қатысушылар Наурыз көжеден дәм татты.
Спорттық сайысты аудандық «Ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы О.Бекбанов, Б.Дәулетияров, Б.Ахметов, А.Тоғымов бастаған ел ағалары ашып, ойыншыларға сәттілік тіледі.
Байрақты додада бағы жанған №249 мектеп-лицей волейболшылары жеңіс тұғырынан көрінді. Екінші орынға алаң иелері №70 мектеп ұстаздары тұрақтаса, №266 мектеп-лицей үшінші орынды місе тұтты. Сонымен қатар, Ж.Құлназаров «Үздік қорғаушы», Р.Дәулетияров «Үздік шабуылшы», А.Ахметов «Үздік ойыншы», Н.Бекділда «Үздік байланыстырушы» номинацияларын иемденді.
Ал шаршы тақта сайысында ойлау қабілетінің шапшаңдығымен қарсыластарын жеңген О.Орынбеков бірінші орынды қанжығасына байлады. Екінші орынды Ә.Әбіл жеңіп алса, Е.Көпбаев үшінші орынды қанағат тұтты.
Жеңімпаздар дипломдармен марапатталып, кубок пен медаль және ақшалай сыйлықтар табысталды.
А.БӨРІ.
23 наурыз 2018 ж. 1 927 0

Сиқырлы гүлдің арбауы

16 қаңтар 2025 ж. 52

Есірткі туралы ертегі

16 қаңтар 2025 ж. 54

Адалдық

16 қаңтар 2025 ж. 59

Арман неге адасты?

16 қаңтар 2025 ж. 62

Болашаққа қадам

16 қаңтар 2025 ж. 64

Шыбық

16 қаңтар 2025 ж. 114

«Таза Жол»

16 қаңтар 2025 ж. 69

Есірткі туралы ертегі

16 қаңтар 2025 ж. 93

«Мен тыңшымын» ертегі

16 қаңтар 2025 ж. 60

Есті ел тұрғындары

16 қаңтар 2025 ж. 82

Ақыл мен Жан

16 қаңтар 2025 ж. 85

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031