Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Кіші футбол додасы

Кіші футбол додасы

Өткен аптада №266 мектеп-лицейдің спорт залында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында құқық қорғау органдары арасында кіші футболдан жарыс өтті. Онда Қазалы ауданы ішкі істер бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Ғ.Ешпанов қызметкерлерге Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының бағытын түсіндіріп, қатысушы командаларға сәттілік тіледі.
Сын сағатта жақсы ойын өрнегін көрсеткен тергеу бөлімшесінің «Алға» командасы бірінші орынды жеңіп алды. Екінші орынды әкімшілік қамау орны мен уақытша ұстау изоляторынан құралған «Бүркіт» командасының жігіттері қанжығасына байлады. Ал үшінші орынды учаскелік полиция инспекторларының «Қыран» командасы иемденді.
Тартысы ойын барысында бөлімнің анықтаушысы, полиция капитаны Ш.Егеубаев «Үздік сұр мерген» болса, учаскелік полиция инспекторының көмекшісі полиция аға лейтенанты С.Бердібеков «Үздік қорғаушы» атағына ие болды.
Сондай-ақ, әкімшілік қамау орнының полицейі, полиция аға сержанты Д.Құрмарзаев «Үздік шабуылшы» және ювеналды полиция тобының учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны А.Әлібаев «Үздік қақпашы» номинацияларын ұтып алды.
Спорттық шараны қорытындылаған бөлім бастығы полиция подполковнигі Ғ.Ешпанов жеңімпаздарға Дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етті.
А.ЖИЫЛЫСҚЫЗЫ.
05 наурыз 2018 ж. 2 265 0

Өмірі өшпес өнеге

04 қазан 2025 ж. 24

Бақытқа бастар соқпақ

04 қазан 2025 ж. 24

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031