Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қола жүлде қанжығалады

Қола жүлде қанжығалады

Жуырда Нұр-Сұлтан қаласында таэквондодан 2004-2006 жылғылардан құралған жастар арасындағы Қазақстан Республикасының V жастар ойыны өтті. Онда елдің түкпір түкпірінен келген 18 спортшылардың арасынан Қазалы ауданының №17 олимпиадалық резервтің балалар-жасөспірімдер мектебінің таэквандошысы Әсел Қуандыққызы қола жүлдені қанжығасына байлады. Әсел 46 келі салмақ дәрежесі бойынша сынға түскен болатын.

– Мектеп жастағы оқушыларды салауатты өмір сүруге тәрбиелеу қазіргі заманның басты мақсаты. Табиғатта жан мен тән үйлесім таппай денсаулықтың да болмайтыны әрбір жас ұғынуы, түйсінуі қажет деп есептеймін. Шығыс күрестеріне жататын ұрыстық спорттың бұл түріне Әселді 9 жасынан бастап жаттықтырдым. Оның ширақтығы мен шапшаңдығы тәнті етеді. Аптасына 6 рет жаттығу өткіземін, – дейді таэквондо бөлімшесінің жаттықтырушысы Дәулет Қадіров.
Оның айтуынша, спорттың осы түрімен айналысқандардың ішкі мәдениетін, мінез-құлқын, тәртібін, ерік-жігерін тәрбиелейді, жауапкершілік сезімін дамытады. Таэквондо сабағының үстінде оқушылар жылдамдықты, ойлау қабілетін, интуицияны, өзінің денесімен өз көңіл-күйін басқара білуге машықтанады. Тіпті физикалық нашар адамға өзіне сенімді болуға, өзін-өзі және өзгелерді қорғауға мүмкіндік береді.
Бүгінде Әсел Қуандыққызы Қазақстан чемпионатынан жүлдегер, спорт шеберіне кандидат, Ашық Азия ойындарының қатысушысы, Қызылорда облысының құрама командасының мүшелігінде тұр.

Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
26 мамыр 2021 ж. 2 216 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 160

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 147

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 168

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031