Спортшылардың табысы

Байрақты бәсекеге біздің балуандарды Әйтеке би кентіндегі №17 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар жасөспірімдер мектебінің директоры Қуанған Бәкен бастап барды. Онда жерлестеріміз командалық есеп бойынша 8 орынға жайғасты.
Сол сында 45 келі салмақ дәрежесінде бақ сынаған Диас Қалабай қола медальға қол жеткізді. Қазалылық жас балуанның республикалық турнирде жүлдегерлер қатарынан көрінуіне бапкері Мұхтар Рахметовтың еңбегі ерекше екенін айта кеткен орынды.
Ж.СОВЕТҰЛЫ
***

***

Таеквондоның WT жекпе жегінен жасөспірімдер мен жастар арасында өткен бәсекеде Қазалы спорт клубының спортшысы Назым Жақсылық жеңістің биік сатысынан көрініп, жеңімпаз атанды. Назым бүгінгі таңда Ж.Жабаев атындағы №234 мектепте оқиды.
Сондай-ақ, осы турнирде Ғ.Мұратбаев ауылындағы №91 орта мектебінің оқушысы Мадияр Әбілқасым мен №266 мектеп-лицейдің шәкірті Құтай Орымбет жүлдегерлер қатарынан көрініп, үшінші орынға ие болды.
Жүйріктерді жарысқа дайындап, дүбірлі додаға қосқан Қазалы спорт клубының таеквондо үйірмесінің жаттықтырушысы Серік Жиенбаев.
Тимур АЛИМОВ