Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » БҚО-да қос автокөлік өртеніп, 7 адам жанып кетті

БҚО-да қос автокөлік өртеніп, 7 адам жанып кетті

Батыс Қазақстан облысында қос автокөлік өртеніп, 7 адам жанып кетті. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 30 шілде күні сағат 03.06-да Самара-Шымкент жолының 318-шақырымында, Сырым ауданы аумағында «ВАЗ-2114» және «ВАЗ-2170» автокөліктері түйіскен. Содан кейін қос көлік толықтай өртеніп кеткен. Оқиға орнына БҚО ТЖ департаментінен 1 қызметкер мен 1 техника, «Өрт сөндіруші» АҚ филиалынан 9 қызметкер және 1 техника барған. Өрт сөндірілген. Қаза тапқандардың кім екені анықталу үстінде.
БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, сағат 03.15-те жедел жәрдем шақырылған. 7 адам өртенген. Мүрделерді полиция алып кеткен.
БҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі болған оқиғаны растап, мәліметті кейін беретіндігін жеткізді.
Ақпарат көзі: Казинформ
31 шілде 2018 ж. 1 929 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031