Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада автокөлік газ құю бекетіне соғылды: Бір адам қаза болды

Қызылордада автокөлік газ құю бекетіне соғылды: Бір адам қаза болды

Қызылорда облысында жеңіл көлік газ құю стансасына соғылды. Салдарынан оператор бөлмесі мен автокөлік өртеніп, бір адам қаза болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінен мәлім еткендей, оқиға кеше, таңғы сағат 05.45-те болған.
«Өртке қарсы «101» қызметіне Қармақшы ауданы, Жосалы кенті, Мөсербаев көшесі бойында орналасқан «Арал-Газ» ЖШС-ның газ құю стансасының оператор бөлмесіне «Opel Vectra» жеңіл көлігі соқтығысқаны хабарланды. Салдарынан оператор бөлмесі мен автокөлік өртенді. Өрт сөндіру қызметінің күшімен жалын 40 минут шамасында оқшауланып, 50 минутта толықтай сөндірілді. Оқиға орнында автокөлік жүргізушісі қаза тапты», - делінген ТЖД хабарламасында.
Тілсіз жаумен күреске 11 өрт сөндіруші мен 3 арнайы техника жұмылдырылды.
16 наурыз 2018 ж. 1 646 0

Тасбақа тағылымы

18 қазан 2025 ж. 132

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031