Аязда далада қалған жолаушыларды құтқарды

Автокөліктің ішіндегі 20 жолаушының салқындап қалуынының алдын алу мақсатында полиция қызметкерлері тиісті шаралар қабылдап, Шиелі бағытына жол тартқан автокөліктерді тоқтатып, азаматтарды отырғызып жіберген.
Ал, ақауы бар автокөлік Шиелі кентінің автокөлік жөндейтін орнына жеткізілді.
Дәл осындай дерек, «Қызылорда-Арал» трассасында да орын алған. Байқоңыр қаласына бағыт алған автобус істен шығып, ішіндегі 47 жолаушысымен қоса жол бойында қалып қойған. Аталмыш автобустағы адамдарға полиция қызметкерлері жедел көмек көрсетіп, адамдар құтқарылған.
Айта кетерлік жайт, бір күн ішінде полиция қызметкерлері жол бойында қалған 15 автокөлік жүргізушілері мен жолаушыларына көмек көрсетіп, төтенше жағдайлардың алдын алған.
Қызылорда облысы ІІД баспасөз қызметі