Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Қазақстан аруы» байқауда ұтып алған ақшасын жағдайы төмен отбасынан шыққан балаларға берді

«Қазақстан аруы» байқауда ұтып алған ақшасын жағдайы төмен отбасынан шыққан балаларға берді

«Қазақстан аруы-2018» Альфия Ерсайын байқауда ұтып алған 3 миллион теңгесінің бір бөлігін жағдайы төмен отбасылардан шыққан балаларға беріп, қайырымдылық жасады.

Бұл туралы «Ақ Жайық» басылымына сілтеме жасап Stan.kzхабарлайды.
Атырау қаласындағы Мағжан Жұмабаев атындағы №1 мектептің 22 оқушысы Қазақстанның ең сұлу аруының қолынан сыйлықтар алды.
Мағжан Жұмабаев атындағы №1 мектеп директоры Гүлжан Қожахметованың сөзінше, Альфия балаларға көмектескісі келетінін бір ай бұрын айтқан. Мұнан кейін сынып жетекшілер мен ата-аналар біріге отырып, оқушыларға қажетті заттардың тізімін жасапты. Олардың ішінде рюкзак, спорттық аяқ киім, костюмдер мен басқа да заттар бар.
«Мектеп ұжымы мен ата-аналардың атынан Альфия Ерсайынға көп алғыс білдіреміз. Алдағы «Әлем аруы» байқауында сәттілік тілейміз», – дейді мектеп директоры.
Альфия ақын Мағжан Жұмабаевтың өлеңдерін сүйіп оқитындықтан, таңдауы ақынның есімімен аталған мектепке түсіпті.
Бойжеткеннің айтуынша, ол алдағы уақытта да қайырымдылықпен айналысқысы келеді.
Өз кезегінде оқушылар Альфияға алғыс ретінде концерт ұйымдастырып, ән айтып, би биледі.
20 мамыр 2018 ж. 1 178 0

Түркияда тағы жер сілкінді

08 қыркүйек 2025 ж. 117

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930