Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Мағжан поэзиясының маржандары

Мағжан поэзиясының маржандары

Алматы қаласы музейлер бірлестігі, Алматы музейі және С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің әдеби-мемориалдық музей кешендерінің ұйымдастыруымен Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қазақтың ұлы ақыны Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдық мерейтойына арналған «Мағжан поэзиясының маржандары» атты дөңгелек үстел өтті.
Шараға «Қайнар» университетінің профессоры, филология ғылымдарының кандидаты, мағжантанушы Бакыткамал Қанарбаева, Философ-көсемсөзші, өнертанушы Әбдірашит Абдраимов, №137 М.Жұмабаев атындағы мектептің мұғалімдері мен оқушылары, мектептегі М.Жұмабаев музейінің жетекшісі Света Арынова қатысты. Шараның модераторы С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің әдеби-мемориалдық музей кешенінің жетекшісі Әділғазы Қайырбеков Мағжанға еліктеп ақын болғанын айтып, ақынға арнап жазған өлеңін М. Жұмабаев музейіне сыйға берді.
«Мағжан өлеңдері ұлттық рухқа, отансүйгіштік сезімге толы, алайда қанша уақыт бойы ақын шығармашылығын сынға алушылар көп болды. Ақын өмірін зерттеген 20 жылға жуық уақыт ішінде қаншама қиындықтар болды. Соған қарамастан өз қаражатыма ақын туралы 3 зерттеу еңбегімді жарыққа шығардым», – деді мағжантанушы Б.Қанарбаева. М.Жұмабаев атындағы №137 мектептің оқушылары ақын өлеңдерін оқыды.
М.Жұмабаев музейінің жетекшісі С.Қанатбекқызы шара ұйымдастырушыларына алғыс білдіре отырып, алматылықтарды музейге шақырды. Алматы музейінде де Алаш қайраткерінің мұрасы сақталсын деген тілекпен ақынның шығармалар жинағын сыйға тартты.
Қорытынды сөз алған Алматы музейінің жетекшісі Б.Жақсылықұлы М.Жұмабаевтың 125 жылдығы меретойы құтты болсы дей келе, жастарды «Мен жастарға сенемін!» деп артында өшпес өсиет қалдырған ақын өлеңдерін оқуға, музейге, театрға баруға шақырды. Себебі ертеңгі елдің болашағы білімді, мәдениетті жастардың қолында деп атап өтті.
«ҚАЗАЛЫ» ақпарат.
21 ақпан 2018 ж. 4 518 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 69

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 64

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930