Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлемдік «Nestle» компаниясы Қызылорданың күріш қауызын өз өнімдеріне пайдалануда

Әлемдік «Nestle» компаниясы Қызылорданың күріш қауызын өз өнімдеріне пайдалануда


Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында "Абзал және К" ТС директорының орынбасары, "Мағжан және К" ЖШС-нің төрағасы Мағжан Ералиев мәлімдеді. 
- Олар күріш қауызынан балаларға тәттілер дайындайды және иттерге арналған тағамдар әзірлейді. «NESTLE» бізден жылына 2 тонна күріш қауызын сатып алады. "Абзал және К" компаниясының өнімдері барлық халықаралық стандарттарға сай сапалы. Біз басқа да халықаралық компаниялармен ынтымақтасуға дайынбыз, - деді Мағжан Ералиев. 
Айта кетсек, "Абзал және К" ТС "Алтын Сапа" сыйлығының "Азық-түлік тауарларын және ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаратын үздік кәсіпорын" номинациясының иегері. Компания ҚР күріш өсіруден үздік үштіктер қатарында. 
Мағжан Абзалұлы: "- Мемлекет Басшысынан қолынан "Алтын Сапа" сыйлығын алдым. Мен үшін ең жоғарғы марапат. Бұл бізге үлкен серпін береді. Бүгінде жылына 25 мың тонна күріш жинаймыз. Оның 60 пайызы Тәжікстан, Түркменстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Ауғанстан, Маңғолия, Ресей және Украинаға экспортталады".
12 желтоқсан 2017 ж. 1 614 0

Ұлттық тәрбие құндылығы

07 қыркүйек 2024 ж. 70

Зейін неге тұрақсыз?

07 қыркүйек 2024 ж. 69

Бірлік пен берекенің ұясы

07 қыркүйек 2024 ж. 69

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30