Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Шектеуді бұзып, шектен шыққандар айып арқалады

Шектеуді бұзып, шектен шыққандар айып арқалады

Коронавирус инфекциясына байланысты ерте қимылдап, карантин жариялаған өңірдің бірі Қазалы ауданы. Ауданда осы шектеу талаптарын бұзып, шектен шыққандар да жазасыз қалып жатқан жоқ.
Бүгін Қазалы аудандық сотында «TrueConf» мобильді қосымшасының көмегімен төтенше жағдай режимін бұзу фактілері бойынша төрт әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Алдымен сағат 18.00-ден кейін де азық-түлік дүкенін жаппай, сауда-саттық жасаған кент тұрғыны ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабының 6-тармақшасымен кінәлі деп танылып, оған 26510 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.
Ал Арал ауданының тұрғыны Қазалы аумағына бақылау бекетінен айналып өтпекші болған. Осы әрекеті үшін ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабының 1-тармақшасымен кінәлі деп табылған оған сот қаулысымен 27 780 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл белгіленді.
Азаматтардың тұрғын үйден негізсіз шығуына және автокөлікпен жүруіне шектеу салынғанына қарамастан, Әйтеке би кентінің 2 тұрғыны 9 сәуір күні сағат 18.00-ден кейін кент көшелерінде көлік жүргізгендері анықталған. Сот қаулысымен олар да 27 780 теңге әкімшілік айыппұл арқалады.
Талап сақталса, тәртіп бұзылмайды. Өз иелігіндегі азық-түлік дүкенін белгілеген уақыттан 9 минутқа кеш жапқан кент тұрғыны да ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабының 6-тармақшасымен кінәлі деп танылып, оған ескерту берілді.
15 сәуір 2020 ж. 710 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031