Бекарыстан би ауылындағы №84 сайлау учаскесіне дауыс беруге келген тұрғындарға бауырсақ пен шұбат ұсынылуда. Ал дауыс беруге келгендер өздеріне көрсетіліп жатқан құрметке дән риза....
Кеше ғана отау құрған жас отбасы сайлауға қатысып, өз таңдауларын жасады. Әбдуали Әлиасқар мен Жұмағали Аружан сайлау науқанына немқұрайды қарамай, белсенділік танытуды азаматтық парызымыз деп біледі. «Бұл – ел болашағы үшін аса маңызды науқан. Сондықтан келіншегім екеуміз азаматтық құқығымызды пайдаланып,...
Бүгін еліміз үшін маңызды тарихи сәт – Президент сайлауы. Үрмәш Түктібаев елді мекенінде тұратын Алтынбаевтар отбасы 2 жастан асқан үшем қыздары Айғаным, Айғанат, Асылыммен бірге сайлау учаскесіне ертелетіп келіп, өз таңдауларын жасады....
Таңмен таласып, таңдау жасауға асыққандар арасында мен сияқты оразасын ашпай келгендер де аз емес. Оқушылар үйінің қызметкерлері мұны қаперге алғанын көріп, «бәрекелді» дестік. Қазақы салтпен келушілерге дәмді бауырсақ пен ақтан дәм татырды....
Бозала таңнан №16 сайлау учаскесіне ағылған сайлаушылар қарасы қалың. Солардың арасында Қазалы қаласының тұрғыны Мұстафаев Еркебұлан да бар. Ол бүгінгі сайлауда өзінің саяси белсенділігін танытып, дауыс беруге келгендігін жеткізді. ...
Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласында ҚР Президентінің сайлауы таңғы сағат 7.00-де басталды. Ал 6 сайлау учаскесінде таңғы 6.00-ден дауыс беру басталып кетті. Мемлекеттік әнұранмен жұмысын бастаған сайлау учаскелерінде сайлаушылардың белсенділігі анық байқалады....